Шымбұлақта шаңғы маусымы ашылды

Жалға берілетін аймақ екі есеге артты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Шымбұлақтағы барлық жабдықтар жаңартылып, тау-шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейгенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Шымбұлақта шаңғы маусымын аштық. Биыл мұндағы жалға берілетін аймақ екі есеге артты. Барлық жабдықтар жаңартылып, тау-шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейтілді. Күрделілігі түрлі деңгейде болатын 25 шақырым трасса дайындалды.

Өткен жылы мұнда шамамен 682 мың адам болды. Оның 220 мыңы шаңғышылар. Келушілердің жыл сайын 15 пайызға өсуі туристерге көрсетілетін қызмет деңгейінің көтерілгенін білдіреді.

65 жылдығын атап өткелі отырған тау курорты шетелдік туристер үшін, әсіресе Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне танымал демалыс орнына айналды», — деп жазды қала әкімі instagram парақсасында.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *