ШЫМБҰЛАҚҚА БАРЫП, ШЫНЫҒЫП, ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ

Отбасы күніне орай «Самұрық қазына турист» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Шымбұлақ тау шаңғысы» спорт клубы SOS балалар қалашығының тәрбиеленушілер мен «Тәлімгерлер» жобасына қатысушылар үшін Шымбұлақ таушаңғысы курортына саяхат ұйымдастырды. Шымбұлақты өз көздерімен көріп, ондағы шаңғы тебуге арналған құрал-жабдықтарды, арнайы орындарды тамашалап,әрқайсысы шаңғы спортына деген икемділіктерін сынап көрген балалар бір қуанып қалды. Бұл саяхатты ұйымдастырушылар балаларды Шымбұлақ тау шаңғысы курортының тарихымен таныстырып, онда өткізілген әлемдік жарыстар туралы әңгімелеп берді. Ең бастысы, балалар таудың таза ауасымен тыныстап, жандарын сергітті.

– Отбасы біздің қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар институттарымыздың бірі. Біз балаларға, әсіресе жетім балаларға отбасының маңыздылығын түсіндіріп, олардың болашақта бақытты отбасы болулары үшін жас кезден соған бейімделуге бағыт-бағдар береміз. «Тәлімгерлер» жобасына қатысу ересек адамдардың ақыл-кеңесін тыңдатып, олармен тығыз қарым қатынас орнатуларына дәнекер боламыз. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде 26 мыңға жуық жетім бала бар екен. Оның басым бөлігі асырап алған отбасыларында тұрып жатса, алты мыңы жетім балаларға арналған жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз– осы баларды өз бетінше өмір сүруге, қоршаған ортаға, қоғамға жақын болып өсуге тәрбиелеу, Бұл бағытта Самұрық қазына турист» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Дара « қоры еріктілер бірлесе отырып « Тәлімгерлер» жобасын қолға алғанбыз. Сонымен қатар жетім балаларға және жетім балаларға арналған үйлерге көмек қролын созатын «Балаларға қамқор үй» жобасын қолға алған болатынбыз. Бұл жобалардың ең негізгі міндеті жетім балаларды қоғамнан тыс өмір сүруден арашалап, ортаға бейімдеу. Өмірден өз жолдарын, өз орындарын табуға көмектесу, сондай-ақ ата-ана алақанының жылуын көрмеген балаларға жан жылуын сыйлау– дейді «Самұрық қазына –турист» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Мирас Іргебаев.
«Жетім көрсең жебей жүр» деген емес пе, отбасы күні қарсаңында жетімдердің жанынан табылып, олардың жандарына жылулық сыйлай білген азаматтарға бәрекелді дегененен басқа айтарымыз жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *