«Шығармашылық аймақ» байқауы өтеді

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мегаполистің тарихи орталығын көркейту мақсатында «Шығармашылық аймақ» байқауының өтетінін хабарлайды. Бұған қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың 2 қарашада өткізген жиында «Шығармашылық аймақ» байқауын өткізу туралы тапсырмасы себеп болды. Байқаудың мақсаты – Байсейітова көшесінде музыкалық кештер, түрлі тақырыптық көрмелер өткізіп тұру. Жалпы, бұл жерді қала тұрғындары мен оның қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналдыру.

Байқауға қатысушылар Байсейітова көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қазақстан-Британ техникалық университеті маңындағы саябақтарды (сквер)  безендіру бойынша эскиз-жобаны әзірлеу керек.   К.Байсейітова атындағы көше қаланың орталығында орналасқанмен, транзиттік аймақ ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ, «Неделька» субұрқағын да қайта жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды.

Онлайн өтінім басқарманың https://almaty.uaіg.kz/kvartal ресми сайтындағы  «Тарихи орталықтағы шығармашылық аймақ» бөлімінде қабылданады. Өтінім қысқаша сипаттамасы бар эскиздік жобадан және де төменде көрсетілген құжаттардан тұрады:

– аумақты талдау;

– аумақты функционалдық аймақтарға бөлу сызбасы;

– аумақты 3D визуализациялау;

– безендіру элементтері;

– әлеуметтік мәдени бағдарлама.

Конкурс қатысушыларының өтініші бойынша дроннан топотүсірілімдер мен жергілікті жердің фотосуреттері жіберілмек.

Конкурстық жұмыстар 2019 жылдың 14 желтоқсанына дейін қабылданады. Сайтта дауыс беру 2019 жылдың 15 – 25 желтоқсан аралығында өтеді. Қазылар алқасы іріктеуден өткен жұмыстарды 25 – 27 желтоқсан аралығында бағалайды.

Жеңімпаз 2019 жылдың 30 желтоқсанында анықталады. Аумақты абаттандыру жұмыстары келесі жылдың көктем айында басталмақ.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *