ШВЕЦИЯ ШВЕЙЦАРИЯ ЕМЕС

АҚШ-тағы Швеция елшілігінде Швецияны Швейцариямен шатастыра­тындарға арнап арнайы коллаж жасалды.

Елшілік қызметкерлері былай деп мәлімдеді: «Біз екі бөлек елміз!». Бұл ойларын Швеция мен Швейцарияның туларын қатар қойып, карта, шекара сызықтарымен дәлелдеді. Швецияның аймағына арнайы медальдің суретін салды. Сондай-ақ, онда Нобель сый­лығы, бір жынысты адамдардың жұбы, тіпті шведтің танымал фрика­делькиін де бейнелеген. Ал Швейцария аймағына алтын қорытпалар, сағаттар және сыр көрсетілген. Бұл шараны олардың АҚШ елшілігінде жасауының да өзін­дік сыры бар. Өйткені, амери­кандықтар Швеция мен Швейцарияны ғана емес, Австрия мен Австралияны, тіпті Гру­зияны Джорджия штатымен шатас­тырып атауға құмар. Оны олар біліп істей ме, білмей істей ме, енді ол жағы беймәлім.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *