«Шуақтың» ішкі сырына үңіліп көріңіз!

Қазақ жастарына арналған тә­лімді-тәрбиелі басылымның ұлы көшіне тағы бір журнал қосылды. Оқу-тәжірибелік журнал болса да, оның басылым болып, бағам­ды ой айта білетін БАҚ қатарына қосылуға жақын тұрғанын айт­қымыз келеді.

Студенттердің өмірінің айнасы іспеттес журналға «Шуақ» деген атау да беріліп қойды. Жоба мен идеяның авторы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасының студенті Досжан Балабекұлы. Енді «Шуақ» тоқсан сайын мерзімді түрде шығып тұратын болады. Оның кезекті саны ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына арналмақ.

Студенттердің өздік жұмыстарын басып шығарудан басталған қарапайым «Шуақ» бір жыл толмай жатып-ақ жоғары сапалы, әрі  тартымды  мерзімді түрде шығып тұратын 44 беттік журналға айналды. Онда жарық көрген талантты жастардың шығармашылығы студенттердің үлкен сұранысын туғызуда. Өйткені, ол достық пен махаббатты бағалайды, адалдық пен әсемдікті қадірлейді.

Бүгінде журналды әлеуметтік желілер арқылы жариялау жұмыстары  басталып кетті. Онда жастардың табиғат аясы­на шығып, өздері түсірген тартымды суреттерін де  қызық­тауға болады. Ең бастысы, «Шуақта» –студенттік шаққа тән мазмұн, ой-пікір, қорытынды, түйін бар.

Бәтіш ОМАРОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *