ШИРЕК ҒАСЫР ХАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ

Тәуелсіздік тұсында  егемен елдің байланыс жүйесін жолға қойып, бүгінде ең мықты компанияға айналған «Қазақ­телеком» АҚ  ширек ғасырдан бері  Қазақстан халқына қызмет көрсетіп келеді. Компания өз жұмысын уақыт талабына сай жүйелеп, ең соңғы технологиялармен жабдықталған өңірлік филиалдары елдің барлық аймағын қамтып отыр. Қазақ­телекомның үлкен де озық филиалдарының бірі  – «Алматытелеком» ӨТД.

 Нұрлан СҮЙІН

Өңірлік телекоммуникация дирекциясы кәсіби мерекеге арналған салтанатты іс-шараны Қазақтелекомның  25 жылдық мерейтойына орайластырды.

Мерекелік іс-шаралар Алматы және Талдықорған қалаларында, 400-ден астам қызметкерлердің қатысуымен өткізілді.

«Алматытелеком» ӨТД ерекшеленген қызметкерлер мен телекоммуникация қызметтерін пайдаланушылардың мерей­тойлық абоненттерін марапаттады.

Мерекелік шараны «Алматытелеком» Бас директоры Шерхан Раздықов ашты. Ол барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, филиалдың жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ, жаңа кәсіби табыстар мен сәттілік тіледі. Әсіресе, компанияның сәтті дамуы үшін өздерінің көп жылдық еңбегімен база құрған ұжымды және байланыс ардагерлерін ерекше атап өтті.

Қызметкерлерді мерейтойлық 20, 25, 30, 35, 40 және 45 жылдық жұмыс өтілімен дәстүрлі құттықтау аясында, «Байланыс» кәсіподақ комитеті филиалдың 83 қыз­меткерін атап өтті.

Компанияның дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін «Үздік байланысшы» құрметті салалық марапатымен Help Desk  басшысы Татьяна Максименко және Еңбекшіқазақ ЖТЦ 6-санаттағы кабелші-дәнекерлеушісі  Аманжол Алғазиев мара­патталды.  Филиалдың 4 қызметкері – Ұйғыр ауданының желілік құрылғылар инженері Мәлік Солтанов,  Талғар ЖТЦ электрбайланыстың желілік құрылғы­ларының 5-санатты электрмонтері Бақыт­бек Ералиев, В2С сегментінің сату жө­ніндегі маманы Галина Зуева мен B2B сегментінің корпоративтік сату орталы­ғының жетекші маманы Аягөз Дүйсенова «Қазақтелеком» АҚ-ның құрмет грамо­тасымен марапатталды. «Алматытелеком» АҚ-ның құрмет грамотасымен филиалдың 40 қызметкері марапатталды. Компа­нияның мерейтойлық абоненттері – «VІP-отбасы» мен «Отба­сылық шешім» топта­малық қызметтер қолданушылары, соны­мен қатар  іD TV мен іD Net қызметтерінің абоненттері де назардан тыс қалмады. Олар: Татьяна Савинина, («VІP-отбасы» топтама­сының ең адал абоненті), Санжар Абдул­лаев (іD TV қызметінің ең адал абоненті), Бақытгүл Шарипова (іD Net қызметінің ең адал абоненті) мен Бақыт Мукеев («Отбасылық шешім» топтамасы­ның ең үздік абоненті). Әр жеңімпазға «Қазақ­телеком» АҚ компаниясынан кәдесыйлар мен гүлдер ұсынылды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *