Шипажайдан ши шықты

6Алматыдағы «Қазақстан санаторийі» АҚ басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, аталған шипажай басшылығы мемлекетттік сатып алу жүйесінде бірқатар заң бұзушылыққа жол берген.

– Прокуратура қызметкерлері мекемеде бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмсалғандығын тексерді. Тексеру нәтижесінде ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының бұзылғандығы анықталды. Санаторий басшылығы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мен оны жаңғырту бойынша байқау ұйымдастырған. Бірақ, аталған жұмыс бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік экспертизадан өтпеген. Жөндеу үшін ІІ дәрежелі құрылыс-монтаж жұмысын жүргізуге мемлекеттік лицензия алу қажет болатын. Мердігерлер тек ІІІ дәрежелі лицензия ұсынған, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жеткізуші келісімге қол қойылған мезеттен бастап 10 күн ішінде 75 068 364 теңге төлеуге міндетті болған. Алайда, аталған қаржы 1 айдан соң ғана келіп түскен.
Аталған дерек бойынша шипажай басшылығына 55 мың 560 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *