«Шевронның» жастарға тартуы

Биылғы Жастар жылына «Шеврон» компаниясы да өзіндік үлесін қосып отыр. «Шеврон» компаниясы мен «Amerіkan Space» әлеуметтік алаңының бірлескен жобасы аясында жас жазушылардың «Екі жан» атты әңгімелер жинағының тұсауы кесілді. Осы жылдың басынан бері Дина Махметова мен Мерей Қосын жас авторлардың басын қосып, оларға проза жазудың сырын үйретуді бастаған еді.

Рая ЕСКЕНДІР

Қазақ тілінде жүргізілген шеберханада 16 мен 20 жас аралығындағы он жас автор дәріс алды. Олар шығармашылық бай­қаулардың жеңімпаздары болған, былайша айтқанда, жазу-сызуға ебі бар талантты жастар. Сондықтан олармен жұмыс жүргізу де аса қиынға соқпады. Есесіне, тамаша жинақ өмірге келді. Оны қолға алып қарасаңыз, детектив, мистикалық, фантастикалық, психологиялық әңгімелер мен ертегілерге көзіңіз түседі. Еріксіз көз тоқтатып, оқи бастайсыз.

Шеберхана жетекшісі әрі жинақ редак­торы Мерей Қосанның айтуынша, «қазақ әдебиеті біраз уақытқа үнсіз қалған. Бірақ біздің қазіргі қоғам және уақыт өзіндік үні бар тұлғаларды дайындап жатқан сыңайлы. Жас жазушылармен жұмыс істеу барысында осыны аңғардым» десе, Сәбина Игілік «шеберханадан көп нәрсе үйрендім. Бұрын тек қазақ әдебиетін ғана оқысам, қазір шетелдік авторлардың шығармаларымен танысып, жан-жақты ізденіп жатырмын» дейді.

Жас жазушылар шеберханасында дәріс алып жатқан болашақ жазушылар тек жазудың бағыт-бағдарын ғана үйреніп қоймайды, Әннес Бағдат, Әлібек Байбол, Мұрат Қолғанат, Тілек Ырысбек сынды қазіргі жазушылармен де кездесулер өткізді. Алматылық ашық әдебиет мектебі 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы күнге дейін 500-ге жуық тыңдаушыға білім берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *