Шевронның шапағаты

Табысқа толы 25 жыл

Рая ЕСКЕНДІР

 

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда, яғни 1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев «Теңізшевройл» қызметіне қатысты келісім жүргізіп, арнайы Жарлыққа қол қойды. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда ҚР Президенті мен «Шеврон» Дирек­торлар кеңе­сінің төрағасы Кеннет Дерр «Теңізшевройл» біріккен кәсіп­орнын құру» туралы 40 жылдық келісімге қол қойған еді. Осылайша Қазақстан тарихындағы ең алғашқы ірі шетелдік инвестициялық жоба дүниеге келді.

Елбасының ұстанып отырған саясаты­ның арқасында Қазақстан үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасал­ды. «Теңізшевройл» компаниясының ел эко­номикасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалары жүзеге асып, Қазақ­стан халқының басым бөлігі үшін құндылықтар туғызуға жол ашылған еді. «Теңізшевройл» табысының басты кілті – дарынды әрі жоғары білікті маманда­рының көп болуында. Соның бір дәлелі – өткен жыл рекордты­ғымен есте қалып отыр. Мәселен, 2017 жылы 28,7 млн. тонна мұнай өндіріп, ТШО бүкіл Қазақстан мұнайының үштен бірін өндірген. Ең бастысы, ТШО құрылған күннен бастап 3 млрд. баррель мұнай өндірісіне қол жеткізді.

Сонымен сәл шегініс жасап, өткенге көз жүгіртсек, сонау 1993 жылдан, 2017 жылға дейін ТШО Қазақстанға тікелей қаржы төлемдері бойынша 125 млрд. АҚШ долларынан астам соманы құра­ған екен. Мұндай қомақты қаржының ішінде ТШО-ның жергілікті қызмет­керлерге төлеген еңбекақысы, қазақ­стан­дық тауар өндіру­шілер мен жаб­дық­таушылардың өнімдерін сатып алуға жұмсалған қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылған төлемдер, дивиденттер, мемлекеттік бюд­жетке аударылған салық, т.б. бар.

Бүгінгі таңда ТШО-да жұмыс істей­тін қазақстандықтардың үлесі 1993 жылға қарағанда едәуір артты. ТШО бойынша жергілікті ұлттық басшылар­дың, жоғары және орта буын жетек­шілерінің үлесі 67 пайызды құрайды. 2017 жылдың соңын­дағы мәліметтерге сүйенсек, 156 қазақстан­дық басшылық, жауапты және техникалық қызмет алмастырған. Адамзаттың дамуына қажетті энергияны жүз жылдан астам уақыт бойы өндіріп келе жатқан «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесі және Қазақстандағы ең ірі екі мұнай жобасы – Теңіз кен орны («Теңізшевройл» бірлестігі) мен Қара­шығанақ кен орны («Қарашы­ғанақ Петролеум оперейтинг») бар.

 

«Шеврон» және білім

 

Ұзақ жылдардан бері «Шеврон» компа­ниясы Қазақстандағы жергілікті және мемлекеттік басқарушы органдар­мен, жұрт­шылықпен үкіметтік емес  және басқа да ұйымдармен бірлесе отырып, денсаулық, білім беру, экологияны дамыту сияқты басты-басты бағыттар бойынша жұмыс істеп келеді.

Еліміз бойынша «Шеврон» білім беру және жастарды жан-жақты дамы­туды мақсат ететін бірнеше бағдарла­маны жүзеге асырып отыр. Мұндай бағдарламаны алғаш рет «Шеврон» жергілікті үкімет органда­рымен, білім беру мекемелерімен және басқа да ұйымдармен бірлесіп Атырауда қолға алған еді.

Бұл бағдарламаның арқасында 150-ден астам мұғалім мен 2 мыңнан астам жас ғылым, технология, жобалау мен матема­тика саласы бойынша өмірге қажетті деген дағдыларды қалыптас­тырып, арнайы тре­нингтер мен интерак­тивті оқыту бағдарла­маларынан өткен еді. Әрине, бұл жобалар нәтижесіз болған емес. Мәселен, 2016 жылы ІТ халық­аралық университетімен бірлесіп, «Шеврон» компаниясы қазақ­стан­дық мектеп оқушылары үшін «Robocon» сайысын өткізген еді.

Осыдан соң «Әлем үшін биоэнергия» тақырыбында шабыт алған оқушылар мен мұғалімдер тамаша жобаларды ойлап тапты. Биореакторға биоотын алып келетін роботтар дүниеге келді. Бұл роботтар тек өз еліміздің ғана емес, әлем ғалымдарының да назарына ілікті. Сонымен қатар, «Шеврон­ның» университеттер мен қоғамдастық­тармен серіктестігі» деп аталатын ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламасы да жалға­сып жатыр. Бұл жобаны «Шеврон» Қазақ Ұлттық техникалық университе­тімен бірігіп іске асыруда.

Осы бағдарлама бойынша жастарға кәсіби және техникалық білім алуға көмек­тесетін гранттар мен стипен­диялар таға­йын­далып, үздік студенттер мен аспирант­тар шәкіртақы алып келеді. Осынау жобалардың тағы бір шоқтығы биігі – «Шев­ронның» Maker Space бастамасым айтуға болады. Бұл ретте АҚШ-тың Қазақстандағы өкілді­гімен бірлесе отырып компьютер, машина, технология, сандық техника, жалпы ғылымға қызығушылығы бар жастармен қоғамға пайдалы жоба­ларды бірігіп атқарудың мүмкіндігі жаса­лып отыр. Дәл бүгінгі күнге дейін бұл жоба аясында қыруар жұмыс жасалды.

 

«Шеврон» және

денсаулық

 

Компанияның ұзақ мерзімді әлеу­мет­тік бағдарламаларының бірі – денсаулыққа арналған. Адам денсау­лығына, әсіресе, жастар мен әйелдердің денсаулығына ерекше назар аударып, басты бағытта ұстап отырады. 2016 жылы «Шеврон» Алматы қаласының жасөспірімдеріне арнап жазғы лагерь­лер мен салауатты өмір салтына бағыт­талған бірнеше қоғамдық шаралар өткі­зілген еді. Тек Алматы қаласының өзінде «Шеврон» көмек қолын созбаған денсаулық сақтау мекемесі кемде-кем деуге болады. Ұзақ жылдардан бері компания ауруханалар мен перзентха­наларға қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартып келеді.

«Шевронның» осындай шапаға­тының арқасында заманауи соңғы үлгі­дегі меди­циналық құрал-жабдық­тармен қамтыл­ған ауруханалар тұрғындардың денсаулығы үшін қызмет көрсетіп келеді. Соңғы жылдары әлем бойынша дүниеге келген нәрестелердің шетінеуі белең алып отыр. Осы жағдайға алаң­даушылық білдірген компанияқалалық балалар аурухана­ларындағы 200 дәрігер мен медбикені жан сақтаудың жаңа әдістерін меңгерту үшін арнайы оқу ұйымдастырған еді. Ондағы мақсат – нәрестелердің өлімін азайту. Дәл осы мақсатта еліміздің басқа да өңірлерінде осындай оқулар ұйымдас­тырылып жатыр.

«Шеврон» және экономика

 

Экономиканыдамыту бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі. Сондықтан «Шеврон» компаниясы үшін экономи­каны, шағын және орта бизнесті дамыту инвес­тициялық қызметінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Бір ғана мысал келтіре кетейік, «Шеврон» компаниясы мен Қазақ­стан қолөнершілер одағы арасында тығыз байланыс орнатылған. Еліміздің қолөнер­ші­лері өздерінің бизнесін дамытуға кең қол­дау көрсетіп отырған компанияға дән риза.

Осы қолдаудың арқасында қолөнер­шілердің саны артып, қолөнер бұйым­дарының сапасы жақсарып келеді. Жыл сайын тұрақты өткізіліп келе жатқан «Ше­бер» атты қолөнершілер байқауы олардың тәжірибе алмасу алаңына да айналып үлгерді. «Шебер» танытқан шеберлердің бүгінде өз ауылы, өз шеберханасы бар. Қол­өнермен бірге шағын бизнестерін де дөң­гелетіп бірге алып жүргендер бар. «Шеврон» мен Қазақстандағы британдық кеңес бірігіп 17–19 жас аралығындағы жастарға арнап, олардың еңбек нарығындағы жұ­мысқа деген қабілеттерін арттыруға бағыт­талған, жұмысқа тұруға деген құл­шыныс­тарын арттыратын жаңа жобаны қолға алған еді. Осы жоба арқасында 400-ден астам жас ақпараттық техноло­гиялар салала­рындағы, бизнес, бюджет дайындау дағдыларын меңгеріп шықты. Бүгінде олар топқа бөлініп, әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын жүзеге асыруда.

 

Керек дерек

1993 ж. Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы ара­сында «Теңізшевройл» (ТШО) бірлес­кен кәсіпорын құру туралы Құрылтай шартына қол қойылды.  

1996 ж. Корпорация Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) қосы­лып, оның ең ірі жеке инвесторына айналды. 

Алматы қаласында елдегі ең ал­ғаш­қы халықаралық стандарттағы «Шев­рон» жанармай құю станциясы ашылды, кейіннен Астана мен Атырау қалаларында да осындай станциялар іске қосылды.

1997 ж. Әлемдегі ең ірі мұнай және газ кен орындарының бірі Қара­шығанақ кен орнын игеру мақсатында Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (ҚПО) консор­циумына мүше болды.

2001 ж.  Теңіз кен орнынан Ресейдің Новороссийск қаласы маңындағы Қара теңіз портына дейін созылған КҚК шикі мұнайды экспорттау құбы­ры іске қосыл­ды.

2012 ж. Қазақстанда мұнай және газ саласының мамандарын шығаратын алғашқы Теңіз академиясы құрылды.

2013 ж. Қазақстан Республи­касы­мен серіктестігінің 20 жылдық мерей­тойы аталып өткізілді.

2013 ж. Атырау құбыр арматурасы зауытында (АҚАЗ) темір қақпақшалар өндірісі басталды.

2016 ж. Теңіз кен орнының өндіріс­тік қуаттылығын арттыру – Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру жөнінде ақырғы шешім қабылданды.

2003 ж. «Шеврон» компа­ниясы­ның Қазақстан экономикасын әрта­раптандыруға бағытталған жобасы – Атырау полиэтилен құбыр зауытында (АПҚЗ) құбырларды өндіру басталды.

2008 ж. ТШО-ның шикі мұнай­ды өндіру қуатын шамамен 80 пайызға арттырған Екінші буын зауыты мен Шикі газды айдау нысанында жұмыс басталды. 

2011 ж. АПҚЗ-да Қазақстанда алғаш рет метал-пластикті құбыр өнді­рісі басталды. 

2011 ж. КҚК қуатын арттыру жоба­сы ашылу рәсімі өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *