Шетелдік жұмысшылар квотасы 40 пайызға қысқарды

Елімізде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40 пайызға қысқартылды. Сөйтіп, биыл жергілікті жұмыс берушілерге рұқсат берілген еңбек күшінің шекті саны 29292 адамды құрады.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы жылғы квота 48700 бірлік жұмыс күшіне рұқсат берген болатын. Сөйтіп, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш үшінші санаттағы мамандар бойынша 37 пайызға және төртінші санаттағы білікті жұмысшылар саны 23 пайызға қысқартылды.

Атап өтетіні, биыл Ақтөбе, Қызылорда, Батыс және Сол­түстік Қазақстан облыстары төртінші санат бойынша шет­елдік жұмыскерлерді тартудан толық бас тартып, жұмыс берушілердің қажетті­лігін жергілікті мамандар есебінен жабуды көздеп отыр. Өз кезегінде квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын біліксіз, шетелдік жұмыс күшінен қорғауға әрі қазақстандық мамандарды көбірек жұмысқа орналас­тыруға мүмкіндік бермекші.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *