«Шенеуніктер кабинеттерінде отырмай, тұрғындармен жұмыс істеуі керек»

Аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз  өңірлерінің  әкімдерімен болған  2019  жылғы маусым айындағы алқалы жиында да, күні кеше ғана  – 24 қаңтарда өткен  кеңесте де әкімдердің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойған болатын.

– Елімізде заң үстемдік етуі тиіс. Заң алдында билік өкілдері де, азаматтар да бірдей. Бастысы – халықпен диалог орнату. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек. Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы керек. Тұрғындармен жұмыс істеуі керек. Әкімдер мемлекеттің саясатын азаматтарға түсіндіруі тиіс, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев мұның өзі әкімдер жұмысының басты көрсеткіші болатынын аманаттаған еді.

Президент тапсырмасы  Алматы қаласының әкімдігі  тарапынан жүйелі түрде іске асырылып келеді. Әкімдік қолға алған «Алматы–2050»  ұзақ мерзімді даму стратегиясы осы бағдарды көздейді. Бұл жергілікті билік пен азаматтық қоғамды, қоғам қайраткерлерін, мегаполистің мәдени элитасын, барлық қала тұрғындарын  біріктіретін сындарлы платформа болатыны анық.

Бүгінде кезең-кезеңмен Алматы тұрғындарын толғандыратын бірінші кезектегі мәселелер шешіліп жатыр.  Әкімдік пен алматылықтар  арасында ашық диалог алаңы қалыптасты. Қаланы дамыту – қала тұрғындарының, биліктің, бизнес-құрылымдардың бірлескен жұмысына айналып отыр. Соның нәтижесінде  5 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары да өз жемісін бере бастады.

Міне, қала аудандары әкімдерінің  жергілікті тұрғындармен «халықпен диалог» форматында өтетін  биылғы  дәстүрлі кездесулерінде  де есепті кезеңде қолға алынып, іске асырылған осынау  жұмыстар мен болашақта атқарылатын ауқымды жос­пар­лар талқыға түспек. Бұл кездесулерді «Алматы ақшамының» журналистері де қалт жібермей, әдеттегідей өз оқырмандарын әр ауданның тыныс-тіршілігінің өзекті де өткір мәселелерінен  хабардар етіп отырмақ. Кеше Алмалы, Алатау, Әуезов аудандары әкімдерінің тұрғындармен  алғашқы кездесулері өтті. Газетіміздің бүгінгі санында осы жиындардан жазылған  тілшілеріміздің мақалаларын назарларыңызға ұсынамыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close