Шектен шығып кеткен көрінеді

Қырғыз парламентінде Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін қолдану жөнінде ұсыныс айтылды. БАҚ-қа бақылауды күшейтіп, елдегі жағымсыз жағдайларды көрсетуге тыйым салмақшы.

Депутат К.Жұмалиев осындай бастама көтерген. Оның пікірінше, республика беделіне нұқсан келтіретін, мәселен, төтенше жағдайлар, түрлі кикілжіңдер турасындағы жаңалықтар, мақалаларды қатаң бақылауға алу керек. «Рас, біз де демократия, бірақ меніңше, біз не болса соны жариялап, әбден шектен шығып бара жатқан тәріздіміз» деді ол.

 

Күніне 30 сәбиді емізеді

АҚШ-тың Вирджини-Бич шаһарының тұрғыны өзінің кеуде сүтімен 30 сәбиді азықтандырды. Ұлын босанғаннан кейін Кристина Рештің сүті молдығы сезіледі. Өз баласына күніне 300 милилитр сүт жеткілікті еді. Қалған сүтін кеудесін сыздатып бара жатқан соң сауып тастауға тура келді. Күніне тоңазытқышта 2-3 литр сүтті сақтап отырған. Реш артылған сүтті емшектегі қызы бар құрбысына беріп отырғанымен бәрібір артылып қалады. Содан соң ол фейсбук арқылы емшек сүтіне зәру сәбилерді іздейді. Сөйтіп, 17 ай ішінде ол 355 литр кеуде сүтімен 29 нәрестені азықтандыруға қолұшын береді.

Реш негізінен жетім балаларды тамақтандырады. Сондай-ақ, оған түрлі себептермен кеудесінен сүт шықпайтын аналар да хабарласып, көмекке жүгінеді. «Бір егіз баланың анасы арнайы Ричмондтан келді» дейді Реш. Бұл қала Вирджиниден 100 шақырым қашықтықта жатыр.

 

«Өз денесін» дәріске айналдырды

Анатомиядан дәріс беретін испан мұғалимасы Вероника Дуке балаларға өз денесін көрнекі құрал ретінде пайда­ланды.

Дуке үстіне бұлшық еттер мен адамның ішкі ағзалары бейне­ленген костюм киіп алады. Ол интернет-дүкендегі жарнаманы көріп осындай арнайы киімге тапсырыс берген. Оның күйеуінің жазуынша, әйелінің мұндай тапқырлығы балалардың оқуға, білуге деген ынтасын бірден арттырған. Оны күйеуі ұлы Вероника деп атаған.

43 жастағы Дуке 15 жылдан бері дәріс береді. Ол балаларды жаратылыстану ғылымдары, өнер, тілге оқытады. Қазір үшінші сы­нып оқушыларына сабақ береді. Бүгінде ол тарих, ағылшын, испан тілдерінен сабақ беру барысында осы іспетті қызықты тәсілдер ойлап тауып жүр.

 

Жеті жыл бойы түсірілген фильм

Сергей Бондарчук «Соғыс және бейбітшілік» фильмін жеті жыл түсірген. Өте ауқымды және қымбат тұратын фильм Гиннестің Рекордтар кітабына кірген. Оның жұмысына 15 мыңға жуық адам түскен.

Бородино шайқасын тү­сіру шын мәніндегі сенса­цияға айналды. Соғыс  сахна­сын 1963  жылдың  1 тамы­зы­нан 4 қарашаға дейін тү­сір­ген. Орыс және француз соғы­сын бейнелеу үшін 13,5 мың жаяу әскер, 1,5 мың атты тар­тылған. Дейтұрғанмен де, Бон­дарчук 120 мың адамды қам­туды жоспарлаған. Ол кезде компьютерлік технология жоқ. Сондықтан бұл процесті біріне-бірін жалғап, көбейтіп монтажер атқарған. Сондай-ақ, ол кезде қауіпсіздік үшін жарылыс жасау аса қауіпті аталған. Дейтұр­ған­мен де, картинаның бас пиро­технигі Владимир Лихачев 10 тон­на жарылғыш, 40 тонна керосин және 10 мың түтін­деткіш пештерді пайдаланып, оның амалын тапты. Есесіне, бұқара мен киноға түсетін топтан ешкім де зақымданған жоқ.

 

Емханадағы емтихан

Қытайдың Сиань шаһарындағы орталық госпиталь қызметкерлері емін қабылдап, шығуға дайын науқастардан жазбаша түрде емтихан алуды жолға қоймақшы. Одан өту үшін емделуші дәрігердің жасаған емдік қорытын­дысын жақсы білуі керек.

Былайша айтқанда, мәжбүрлеуге негізделген бұл емтиханның науқастың өзі үшін маңызы зор. Госпиталь мамандарының айтуынша, науқастың емін отбасында жалғастыруына мүмкіндігі бар. Әзірге бұл тексеру бағытындағы сынақ ортопедия бөлімшесінен басталған. Кейінірек оның тиімділігіне қарай басқа да бөлімшелер де жалғастырмақшы. Емтихан барысында емделушілер жазылған дәрі-дәрмектерді жақсы білуі, қандай жаттықтырулар жасау керектігі тәрізді қарапайым сауалдарға мүдірмей жауап беруі керек. Негізінен бұл емтихан үлкен кісілерге арналған. Өйткені, олар кей жағдайда дәрігердің кеңесін ұмытып қалады. Егер үлкен кісінің күтушісі болса, оның емтихан тапсыруға құқы бар. Оқу орнындағы тәрізді, мұнда емтиханнан құлап қалса, қайта тапсыруына болады.

 

Кофені кесесімен жейсіз

Жаңа Зеландияның бір авиакомпаниясы өз рейсінде ұннан, канттан, жұмыртқадан жасалған кесемен жолаушы­ларға кофе ұсынуды жоспарлап отыр.

Мұның мәнісі аталмыш авиакомпания салонда пластиктен жасалған ыдыстарды пайдаланбай, экологиялық тазалықты сақтауды ойластырған. Оның үстіне жолау­шылар кесенің өзін жеп қойған соң қалдық та қалмайды. Алдағы уақытта кесені түрлі қосындыдан, мәселен, мәмпәсиден жасауды қолға алмақшы.

Қ.ИМАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *