Шексіз жігер шектеулі мүмкіндіктен асып түсті

Нұрлан СҮЙІН

 

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан Юлия қыздың әкелген жалғыз қоласын місе тұтқаны белгілі. Мәнерлеп сырғанаудан әлемнің үздік бестігінде саналатын Денис Тен де, шаңғы спортынан әлем кубогі кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы А.Полторанин да, фристайлшы, Универсиада чемпионы Д.Рейхард та, басқалар да медаль олжалайды деген үміт үдесінен шыға алмады.

Кез-келген Олимпиада ойын­дарының ізін іле-шала Пара­лимпиада ойындарын өткізу үрдісі бар. Паралимпиада – мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы олимпиада ойын­дары.

Оңтүстік Кореядан ақжолтай ақпарат келіп отыр. Қазақстан Қысқы Паралимпиада ойында­рында тұңғыш рет алтын медаль олжалады.

Отанына алтын сыйлаған шаңғышы Александр Колядин. Ол классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысында бірінші болып келді. Біздің шаңғышыдан кейінгі орында Жапония, Канада, Фин­ляндия спортшылары.

Осылай Қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі қаяу көңі­лімізді Александр батыр жар­қыратты. Ол шектеулі мүмкін­дікке қарамастан, шексіз жігер мен нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетті. Бұған дейін Жазғы Паралимпиадада жүзуден Зуль­фия Хабибуллина Қазақстанға алтын сыйлаған болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *