ШЕКСІЗ ЖІГЕР ШЕКТЕУЛІ МҮМКІНДІККЕ ҚАРАМАЙДЫ

Алатау ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың қалалық спартакиадасы өтті

Мүмкіндігі шектеулі деп айтпаңыз,

Мүмкіндігі шексіз мынау адамға.

Жұлдыз болып жанатыны белгілі,

Алла берген он сегіз мың ғаламда.

 

2019 жылы 9 қараша күні Алатау ауданының «Мүмкіндігі шектеулі жандар» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай аудандағы №169 мек­тепте «Спорт – бейбітшілік елшісі» ата­уы­мен ХІ спартакиада өтті. Спартакиадаға қаланың 8 ауданынан спортты серік еткен мүмкіндігі шектеулі жандар жиналды.

Спартакиаданы аудан әкімінің орын­басары Саят Ағыбаев ашып, ҚР Әнұраны шырқалды. С.Ағыбаев Елбасы Н.Назар­баев­тың Жолдауында «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймай, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбекқор ретінде сезінетін болады» деген сөзін келтіріп, ауданның мүмкіндігі шектеулі жандарын және спартакиадаға қатысушыларды құттықтап, қиындыққа мойымай, алға нық басуға шақырды. Сөз алған Алатау ауданының мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлесті­гінің төрайымы Гүлнар Шүкірова қоғам­ның жұмыс барысымен таныстырып, келе­шек жоспарлар туралы кеңінен айтып өтті.

Кезекті сөз осыдан 10 жыл бұрын Алатау ауданының мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігін құрып, жұмысты бастап берген аудандық Арда­герлер кеңесінің мүшесі Әшімқұл Ақпейі­лов ақсақалға берілді. Әшімқұл аға қоғам­дық бірлестіктің жұмысына тоқтала келіп, қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Шүкі­рованың өзінің денсаулығына қарамай, үш орынбасарымен бірге жұмысты өз деңгейінде жүргізіп отырғанына ризашылық білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына қарай төрт сағаттай уақытқа созылған сайыстар спорттың жеті түрінен өтті. Түрлі сайыстардың ішінде мүгедектер арбасымен кедергілерді айналып өту өте қызықты болды.

Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің он жылдығына арналған іс-шара әнмен әрле­ніп, бимен көмкерілді. Денсаулық­тары­на қарамай Есенбол Сәпи «Шудың бойында» деген әнді орындап, Абзал Үмбетәлиев «Қара жорға» биін билегенде, қатысу­шы­лардың бәрі қосылып кетті. Әкелі-балалы Халелхан, Сержан Әділха­нов­тар екеуі тамаша әндер орындап, елдің рухын көтер­ді, Фариза Мақсұтқызы өзінің жүрекжарды өлеңдерін оқыды.

Спартакиадада 70-тен астам қатысушы сайысып, командалық жүлделі орындар төмендегідей бөлінді.

1-орын, кубок және бағалы сыйлықты Түрксіб ауданының қоғамдық бірлестігі жеңіп алды. 2-орын, кубок, бағалы сыйлықты Алмалы ауданының қоғамдық бірлесті­гі еншіледі. 3-орын, кубок пен бағалы сыйлық Әуезов ауданы­ның қоғамдық бірлестігіне бұйырды.

Жеңімпаздарға, Фарида Жолдасбай­қызы бастаған демеушілерге бағалы сый­лықтар табыс етілді. Осыдан 10 жыл бұрын Алатау ауданының мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігін құрған, бүгінде Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі жандарының құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әшімқұл Ақпейілов қарияға Алатау ауданының қоғам­дық бірлестігінің атынан үлкен бағалы сыйлықты Гүлнар Сүйіндікқызы тарту етті. Жанкүйерлерге де ынталандыру сыйлықтары берілді.

Келушілер іс-шараны ұйымдастырушы, Алатау аудандық мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің төрайы­мы  Гүлнар Шүкіроваға ризашылық білді­ріп, алғыс айтты.

 

Фариза  МАҚСҰТҚЫЗЫ.

Алатау ауданы.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *