Шеберлік мектебіне айналды

1 шілдеде «Алматы ақша­мы­ның» жарық көр­ге­ніне 30 жыл толды. Көзі­қарақ­ты, зер­делі оқырман бұл басы­лым­ның күні кеше қалай, қандай жағдайда шыққа­нынан жақсы хабардар. Мұн­дайда қазақ «оты­зында орда бұзба­ған, қыр­қында қамал алмайды» деп жатады ғой. 30 жыл көп уақыт емес.

Дейтұрғанмен де, басы­лым­­ның тағылым түйер терең тари­хы, өзінің қалыптасқан мектебі, ұлттық ақпарат кеңістігінде алар айшықты орны бар. Бұл жөнінде алдағы уақытта тәп­сір­­­­лейтін боламыз.

Ендігі жерде бүгінгі нөмір­ден бастап әріптестеріміз, қалалық, респуб­ликалық құрылымдар, бел­гілі тұлға­лар, жалпы оқыр­ман­дарымыз тарапынан келіп жатқан құттықтау, ілтипат, лебіз­дерді жариялап отыру­ды да міндетіміз санап, зор риза көңі­лімізді білдіреміз.

Құрметті «Ақшамдықтар»!

Сіздерді егемен еліміздің күнгейіндегі мың жылдан астам тарихы бар киелі де көне шаһар – Алматының медиа­кеңістігінде ерекше орны бар «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдық мерей­тойымен ізгі тілекпен құттықтаймын!

Осынау жылдар бойында басылым бетінде тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы дербес қадамдарынан бастап, бүгінгі таңдағы қарышты дамуы, оған алматылықтардың қосып отырған ауқымды үлесі ұдайы жарқын көрініс тауып отыр. Газет Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүкіл Қазақ елінің, оның ішінде ажары ашық нұр­шуақ қала Алматы жұртшы­лығының әл-ауқаты артып, өсіп-өркендеуін шынайы қалпында жазып келеді.

Редакция бүгінде талай танымал қарымды қаламгерлер шыңдалып шыққан шеберлік мектебіне айналды. Қазақ журналистикасында өзіндік орнын тапқан «Ақшамның» ұстаха­на­сында әлі де талай дарынды жас тіл­шілер қанатын қатайтып, мазмұны терең, рухы биік жарияланымдар туындай береді деп сенемін.

Сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық пен игілік тілеймін!

Серік ҮМБЕТОВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *