Шаттық сыйлаған мереке

Қаладағы №8 балабақшада 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Қыз өссе, елдің көркі» атты сайыс өтті. Мектепке даярлық тобының тәрбиешісі Советгүл Нұрғабылованың ұйымдасты­руымен көктем мерекесіне орай өткен  ертеңгілікте қыздар «Қызғалдақ» және «Бәй­шешек» тобы болып өзара бақ сынасты. Мақсат – қыздарды сайыстыра отырып өнерлерін паш ету, ізденушілік қабілеттерін, ой — өрісін, қызығушылық­тарын арттыру, салт-дәстүрді құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Кештің қызықты да көңілді өтуіне А.Талдыбаеваның  да үлесі бар. Мере­келік кешті Бектас Рафиков пен Ерасыл Сембиев жүргізді. Ертеңгілікте қыздар алдын-ала дайындалған сценарий бойынша өнер көрсетіп, кештің мазмұны мен тақырыбын жан-жақты аша түсті.

Балдырғандар асқақтата ән салып, би биледі. Мәселен, Көркем Абдығұл Т.Молдағалиевтің «Ана тілі» өлеңін жатқа оқыды. Сонымен қатар балалар Төле бидің шешендік нақыл сөздерін, Шәкәрімнің өлеңдерін оқыды. Бұдан бөлек  Кәусар Дүйсекеева, Қымбат Әбділда, Айтұмар Иркенқызы, Нұрсезім Бақтыбай, Айша Орынбек өнер көрсетті. Кешке қатысқан ата-аналар қыздарының балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, куә болып, мәз-мейрам болды. Салтанатты мереке балалар мен ата-аналар үшін ойдағыдай өтті. Кішкентай балапандардың өнерін тамашалауға келген ата-аналардың жүздеріне күлкі үйіріліп, алғыстарын жаудырып жатты.

 

Нәзгүл ЖАҚЫПОВА,

№182 мектептің 11 сынып оқушысы

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *