ШАТТЫҚ БЕРЕР ШЫРШАЛАР

Айкерiм РАЙЫСҚЫЗЫ

Мейрамның исi сезiлiп, Жаңа жылдың аяқ iзi естiле салысымен жұртшылық көп күтпей мерекеге дайындықты бастап кеттi. Ең басты жұмыстың бiрi – үйге шырша сатып әкелiп, оны безендiру. Өйткенi, шырша Жаңа жылдың басты символы әрi ажырамас бiр бөлiгi.

Бүгiнде базарларда, дүкендерде шыршалардың түр-түрi сатылып жатыр. Әртүрлi биiктiк пен көлемдегi олардың бағасы да соған сай әрқалай. Дегенмен, таңдау бар. Мұнда үстел үстiне қойылатын шыршалар 3000 теңгеден, ал жерге орнатылатын шыршалар 5000 теңгеден басталады. Бұл – жылдағы баға. Бiрақ, бiр ерекшелiк – бүгiнде шырша сататын орындардан таудың тiрi шыршасын кездестiре бермейсiз. Өйткенi, тiрi шыршаларды кесуге, сатуға қалалық әкiмдiк тарапынан тыйым салынған. Сондай-ақ, тау шыршаларын кестiрмей сақтап қалу үшiн қатаң бақылау орнатылып, тұрғындарға ескерту жасалған. Бұл тұста әкiмдiк тауда орын алған дауыл мен өрттiң салдарынан құлаған шыршалардың орнын толтыруды, қалған шыршаларды сақтап қалуды көздеп отыр. Естерiңiзде болса, таудағы дауыл мен өрттен Медеу табиғи паркiнiң 500 гектарға жуық жерi зақымданып, тау ғасыр жасаған шыршаларынан айрылған едi.

Көпшiлiкке «Барахолка» деген атпен танылған базарға қарай беттеп келемiз. Базар басталғаннан жолдың жиегiнен шыршаларды кездестiруге болады. Бiраз жүрiп, адамдар үймелеп жатқан сатушының қасына келiп аялдадық. Қаз-қатар қойылған жасыл шыршалардың бағасы 2500 теңгеден басталады екен. Ол – сол жердегi шыршалардың ең кiшiсi. Ал, көзге анық көрiнетiндерi 5000 мың теңгеден басталады. Ең қымбат шырша 70 мың теңге тұрады. Оның бойы 4 метрдей. Дегенмен, көпшiлiктi үйде сақтауға ыңғайлы шағын шыршалар қызықтырады екен. Бойы екi метрге жететiн сұранысқа ие қылқан жапырақтының құны сапасына қарай 8-10 мыңнан басталады. «зiн Гүлбарам деп таныстырған сатушы мереке қарсаңында бiр күнде жиырма шақты шырша сататынын жасырмады. Негiзiнен, елге шыршалар Қытай мен Ресейден әкелiнедi екен. Тыйым салынғанына қарамастан, таудың тiрi шыршасын сұрап келетiндер де бар көрiнедi. Бұл ретте жасанды шыршаны бiр рет сатып алып, бiрнеше жыл пайдалануға болатынын ескерген жөн.

Шыршалар қаладағы «Көк базар», «Сарыарқа», «Арыстан», «Алтын Орда», «Тастақ» базарларында да ыңғайлы бағада сатылып жатыр. Ол жерлерде де таңдау жасауға мүмкiндiк бар. Жасанды шыршаның өзiнiң сабағындағы жапырақтарының да түр-түрi болады және олардың жасыл, көк, сұр, ақшыл түстерi бар. Сонымен қатар, шыршалар қаладағы iрi сауда және ойын-сауық орталықтарында да сатылуда. Мереке қарсаңында қаладағы гүл дүкендерi де шырша сатумен айналысуда. Осы ретте шыршаларды ғаламтор желiсi арқылы тапсырыс берiп алуға да болады. Бүгiнде ғаламторда шыршаға қатысты жарнамалар жеткiлiктi. Суретiн көрiп, өзiңiзге ұнаған шыршаға тапсырыс берсеңiз болды, оны бiрер сағат көлемiнде үйiңiзге әкелiп, орнатып бередi. Сiз тек шырша құны мен жұмысының қайтарымын төлесеңiз жетiп жатыр.

Шыршаларды кесуге салынған тыйымды бiреу түсiнсе, ендi бiреу дұрыс түсiнбейтiндей. Жаңа жылды Алатаудың алып шыршасымен бiрге қарсы алып үйренген қала тұрғындары тiрi шыршалардың сатылмайтынына қынжылатыны рас. Десе де, олар шыршаның бiр күндiк мереке күнi үйде болып, содан жарамсыз болып қалғанынан гөрi, тауда ғасырлап өскенiн дұрыс көредi. Бiрақ, тау шыршасы Алматының ауа-райының ылғалды болуына байланысты тек таулы аймағында ғана емес, күтiм болса қаланың кез-келген жерiнде өседi. Мәселен, қаланың Берiк есiмдi тұрғыны осыдан жиырма жыл бұрын есiк алдына шырша отырғызыпты. Қазiргi таңда сол шырша өсiп, тек Берiктiң отбасына емес, оның көршiлерiне де Жаңа жылда қуаныш сыйлап, көмек көрсетiп келедi. Оның сөзiне сүйенсек, биыл үшiншi жыл қатарынан «Қалқаман» ықшамауданының бiр көшесi шырша сатып алуды қойған. Олардың бәрi жиналып, Берiктiң шыршасын сәндеп, мерекенi бiрге өткiзедi екен.

Бүгiнгi сатылымдағы шыршалардың сапасы әртүрлi жерде сатылғанына қарамастан бiрдей. Тек бағаларында айырмашылық бар. Қала орталықтарынан 5 мың теңгеге алған жасанды қылқан жапырақтыны шет жақтан және базарлардан 2-3 мың теңге төмен бағаға алуға болады. Мұндай жағдай Айсұлу есiмдi қала мектептерiнiң бiрiнде мұғалiм болып iстейтiн қыздың басынан өткен. Айсұлу өзi дүкеннен сатып алған шыршаны базардан екi мың теңгеге арзан бағада кездестiрген. Ал, сатушылар болса, дүкеннiң орналасқан жерi мен жалға төленетiн ақшаға байланысты бағаға өзгерiс енгiзiлетiнiн айтады.

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Қылқан жапырақтылардың саудасы қызып тұр. Таңдау бар, тек талғам мен қолда қаражат болса болғаны. Осы тұста мамандар шыршаны электр желiсiне қосып, жарқыл беретiн шамдарды пайдаланғанда, абай болуды ескертедi. «йткенi, шыршалар жасанды болғандықтан, олардың жапырақтары тез тұтанады екен. Ғалымдар болса, Жаңа жылды жап-жасыл және ақшыл түстi шыршамен қарсы алудың дұрыстығын айтады. Жасыл түс өмiрдi бiлдiрсе, ақ түс қуаныш пен жақсылықтың нышаны екен. Ал, голландиялықтар шырша неғұрлым биiк болса, келген жыл соншалықты берекелi болады дегенге сенетiн көрiнедi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *