ШАРМАНОВТЫҢ ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТТЕРІ

Денсаулық сақтау саласында ғана емес, еліміздің қоғамдық өмірінде, ұлтымыздың құндылықтарын бағалау мәселесінде академик Төрегелді Шармановтың есімі мақтанышпен аталады. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту ісіне айрықша еңбек сіңіріп, алғашқы медициналық көмекті жақсарту бойынша дүние жүзі дәрігерлерін Алматы қаласына жинап, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясы деген құжат қабылдауына себепкер болған Төрегелді Шарманов бүгінде ұлтының саулығын құнарлы тағаммен жақсарту жолында жан аянбай еңбек етіп келеді.

 Н.ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Бие сүтінен шоколад, балмұздақ жасап, бие сүтін сусын ретінде ғана емес, тағам ретінде де тұтынуға бола­тындығын әлемге танытып жүрген бірегей тұлға. Медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профи­лактикалық медицина акаде­миясының президенті, ДДҰ-ның тағамтану жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі. Академиктің жетекшілігімен 56 докторлық, 170 кандидаттық диссертация қорға­лыпты. Сонымен қатар, 360-қа жуық басылым авторы атанған Т.Шар­мановтың еңбектері елеусіз қалған жоқ. «Халықтар достығы», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Қазақ­стан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атын­дағы сыйлы­ғына ие болған санаулы дәрігерлердің бірі. Жуырда Ұлттық кітапханада еліне елеулі еңбек сіңірген танымал тұлға Төрегелді Шармановтың «Қас-қағым» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Академиктің өмір, еңбек жолын­дағы түрлі сәттерден сыр шертетін және академик туралы замандастары мен ізбасар іні-қарындастарының ой-пікірі жазылған бұл кітаптың тұсау­кесер салтанатын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, медицина ғылымының докторы, профессор Талғат Нұрғожин жүргізді. Жиында Ұлттық кітапхананың директоры Жанат Сейдуманов, режиссер Сергей Әзімов, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құлмұхамед, Қазақ ұлттық аграрлық универси­тетінің деканы Батырхан Бұралхиев және басқа да қонақтар сөз алып, Т.Шармановтың қоғамға, ұлтына сіңірген еңбектері жайлы әдемі әңгімелер айтып, оқырмандарының қолына тиіп отырған «Қас-қағым» атты кітаптың өскелең ұрпаққа берер тәлім-тәрбиелік мәніне тоқталды. Өз кезегінде сөз алған Төрегелді Шар­манов адам өмірінің өзі қас-қағымдай өте шығатындығын, оның әр кезеңі қас-қағым сәттерден, қуаныш пен қайғыдан, жеңістер мен жеңілістерден тұратындығын айта келіп, бұл кітаптың өткен өмірінің сол қас-қағым сәттерінен сыр шертетінін жеткізді. Кітапта, сондай-ақ, еліміздің белгілі қоғам, өнер қайраткерлері мен әріптестерінің академиктің өмірі мен еңбек жолына арнаған мақалалары, академиктің өмірі мен қызметін көркем бейнелейтін фотосуреттер топтастырылған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close