ШАРА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында бес күнге созылған қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсы өз мәресіне жетті.

Аяқталу рәсіміне қатысқан орталықтың Бас директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқар: «Қазақстан әлемдік қоғамдастықтан өз орнын алғаннан кейін өзге елдермен ұдайы араласып тұруға тура келеді. Бұл өз кезегінде сапалы аударма қызметіне қажеттілікті тудырады. Сондықтан, бұл бағыттағы курстарда аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқытуды қолға алып келеміз», – деді.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының тілек білдірушілермен жұмыс жасап жатқаны бір бұл емес. Қай кезде де аудармашы мамандардың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Курс барысында қатысушыларға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөлісті.
Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысты.
Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *