Құшағы кең университет

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – ең танымал университеттердің бірі. Бүкіл әлем бойынша ең үздік 250 университеттің қатарына енді. QS рейтингісінде Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің (EECA – Emergіng Europe & Central Asіa)  10 үздік ЖОО қатарына енді.

Болон үдерісінің негізгі қағидаларына бейімделуге толық рұқсат беретін және еуропалық ЖОО академиялық саясатының стандарттарына сай ЕС – TEMPUS, ERASMUSMUNDUS бағдарламасы бойынша университет Қазақстан Республикасында көшбасшы болып келеді. Сонымен қатар, атақты халықаралық «GreatValueColleges» ұйымының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем бойынша  технологиялық дамыған 50 университет қатарына кіріп, рейтингте 31-орынды иемденген болатын. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, сонымен бірге  Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасындағы осы орынды иемденген жалғыз қазақстандық ЖОО болып табылады.

Мектеп бітірген соң, жоғары оқу орнын таңдау мәселесі алдымда тұрған болатын. Көптеген зерттеу, ақпараттарды сараптау нәтижесінде Қазақ Ұлттық университетін таңдадым. Және бұл маңызды қадамның дұрыстығына ешқашан күмән келтірмедім. Қазір есеп және аудит мамандығының 4-курс студентімін. Мамандықты меңгеру барысында білім берген М.Байдаулетов, С.Баймұханова, У.Жәкішева, А.Арыстанбаева, Ж.Оралбаева, Г.Нұрғалиева, К.Акимбаева сияқты ұлағатты ұстаздарымды атап өткім келеді. Осы кісілердің арқасында баға жетпес білім мен тәжірибе жинадым.

Қазақ Ұлттық университетінің түлектеріне барлық сала мен мамандық бойынша сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар, шетелдік университеттермен алмасу негізінде де білім алу мүмкіндігі қарастырылған. ҚазҰУ білімге құштар әр студент үшін болашақтың есіктерін ашады.

 

Оразгүл ЖӘКІШЕВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті,

Алтынай КЕРИМОВА,

ҚазҰУ-дың 4-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *