ШАҺАРДЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІ ҮШІН ЖЫЛУ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Алматыда қаланың оңтүстік бөлігіндегі жылу энергиясының тапшылығы ірі қазандыққа реконструкция жүргізілген соң 1,5 есеге азаятын болады.

«Оңтүстік қазандықтағы су жылытатын үш ескі қазандықты газбен жұмыс істеп, сағатына 130 гигакалорий жылу энергия­сын беретін заманауи қондырғыларға алмастыру жылу көлемін 41%-ға арттыруға мүмкіндік береді», – деді қалалық Энерго­тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Ол бұл жаңа әдістің Бостандық ауданы­на коммуналдық қызмет көрсетудің жаңа перспективаларына жол ашатынын және сапасын арттыратынын айтты. Ең алдымен, бірінші кезекте 120 ғимаратты (оның ішінде тұрғын үйлер, медицина және білім мекемелері, басқа да нысандар бар) жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Алматыдағы жылу көздерінің 4%-ын беретін Оңтүстік қазандықты модерниза­циялау жылудың көлемін 2 есе арттырады, нәтижесінде бүгінгі күні  49,8 мың тұрғыны бар 13,1 мың пәтер мен заңды тұлғаларға тиесілі 850 ғимарат жылумен қамтылмақ.

Ә.Масабаев 2019-2020 жылдары жылу көздерін реконструкциялау кезінде Оңтүс­тік қа­зандық арқылы жылу алатын барлық тұты­нушының жылумен және ыстық сумен толық көлемде қамтамасыз етілетінін атап өтті.

ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ЖӘНЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *