ШАҺАРДЫҢ ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН МАҚҰЛДАДЫ

145Өткен сенбіде шаһар басшысы Ахметжан Есімовтің төрағалығымен қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала құрылысы кеңесінің отырысы өтті. Аталған басқосуда  қала инфрақұрылымы үшін маңызы зор әкімшілік және көпсалалы мақсаттағы  алты нысанның, атап айтқанда, тұрғын үй, сауда және қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру орындарының құрылысы мақұлданды.

Дәл осындай құрылыс нысанының бірі, яғни, ірі сауда кешені Жетісу ауданына қарасты Солтүстік айналым көшесінің бойында бой көтермек.

— Базарларды модернизациялау — Алматыны дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қала экономикасының беткеұcтар тұсы ескі базарлар емес, заманауи әрі сапалы қызмет көрсету мен сауда саласы болуы тиіс. Қазірдің өзінде ескі базарлардың орнын заманға сай ғимараттар басып отыр. Біз барлық қызмет көрсету түрлері қарастырылған заманауи сауда орталықтарын салудамыз. Ең бастысы, бұл орындар санитарлық талапқа сай және өрт қауіпсіздігі толық сақталған, — деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Басқосуда Медеу ауданындағы төрт нысанның құрылысы да сөз болды. Атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталығы, 9 қабатты бизнес-орталық, көпқабатты тұрғын үй. Ескеретін жәйт, бұлардың барлығында пар­кингтер бар. Сонымен қатар, құрылысы жеке инвести­циялар есебінен жүргізілетін «Арман» кинотеатрының жанынан бой көтеретін «BurgerKіng» мейрамханасы, әкімшілік нысан, Алмалы ауданындағы сауда орын­дарының мән-жайы жан-жақты қарастырылды. Айта кету керек, қалақұрылысы кеңесінің мүшелері жаңа құры­лыстарды салған кезде жаңарған энергия көздерін пайдалану қажеттігін де тілге тиек етті.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *