Шаһардағы 40-тан астам мекеме жекешелендіріледі

Алматы қаласының Қаржы басқармасы «Алматы спецтехпаркинг Алматы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлестің 30 пайызы сатылатыны туралы хабарлады. Қаржы басқармасының мәліметіне сәйкес, жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспардың аясында мегаполистегі коммуналдық кәсіпорындардың 40-тан астамы бәсекелі ортаға берілуі тиіс. Негізі жекешелендірудің кешенді жоспарына енген қаладағы кейбір кәсіпорындардың мегаполис үшін маңызы зор. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган осындай маңызы зор бірқатар коммуналдық мекемелерді қаланың меншігіне қалдыру туралы мәселе көтеріп отыр. Сонымен қатар, «Алматы спецтехпаркинг Алматы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесінің 30 пайызының сатылуын 2020 жылға шегеруді ұсынуда.

Жалпы, Үкімет кешенді жекешелендіру жоспарының тізімнен ескі үйлерді бұзуға бағытталған «Күрделі құрылыс кәсіпорны» мен шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртумен айналысатын «Алматы тұрғын үй» бағдарламасын шығаруды қолдады. Алайда, «Алматы спецтехпаркинг Алматы» ЖШС-нің сатылуы қолдау таппады. Осылайша қалалық Қаржы басқар­масының ұйымдастыруымен  қазанның 31-інде тендер өтті. Тендер бойынша аталған мекеме екі ай көлемінде сенімді басқару бойынша жұмыс істеп, артынан 30 пайызы сатылады деп шешілді.

Бүгінде мемлекеттік тізім порталында электронды әдіс арқылы  ең жоғарғы бағаны ұсынған (75,9 млн.теңге) жеңімпаз анықталды.  Алайда, өткен тендердің қоры­тындысына қарсылық білдірген прокуратураның мәселесі сотта қаралатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *