Шаһарда 30 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

 

Мегаполисте «қалалар жүр­гін­шілер үшін» қағи­дасы аясында  ұзындығы 30 шақырым болатын жаңа аяқжолды жөндеу мен салу жұмыстары басталды. Жаяу жүргін­шілер жолда­рын ретке келтіру жұмыс­тары шаһардың 157 көше­сін жөндеу кезінде де жал­ға­сын таппақ.

Көше-жол жүйелерін жөндеу кезінде  бұзылған арық науалары ауыстырылып, аймақ көгалдан­дырылады. Қозғалысты тежемей, көлік ағымын реттеу мақсатында тек жиектегі тұрақтардың  қалта­лары ғана абаттандырылады. Жаяу жүргіншілер жолының қауіпсіздігін арттыру үшін көше­лерден кіру жолдары тарылты­лады. Бұдан өзге, мегаполис бас­шысының тапсыр­масы бойын­ша  жаяу жүргіншілер қозғалысын қиындататын құрылыс нысан­дары бар аяқжолдар анықталуда.

Бүгінде Түрксіб ауданы аума­ғында Стаханов көшесі мен Париж коммуна­сында, Шым­кент пен Буденный көшеле­рінің бөлігінде жаңа аяқжолдар пайда болды. Әуезов ауданы бойынша №6 және №8 ықшамау­данда­рының бірнеше ауласы­ның ішінде жаяу жүргіншілер жолы пайда­лануға берілді. Ал Бос­тандық ауданы бойынша Дуна­ев­ский көшесі бойымен Жаро­ков пен Ходжанов көшелері арасын­дағы аяқжолдар іске қосылды. Осы секілді жұмыстар алдағы уақытта қаланың барлық аудандарында жүргізілетін болады.

Айта кетейік, екінші жылға жалғасып жатқан қаланы жаң­ғырту аясында биылғы жазда бірқатар негізгі даңғылдар жаңа­рады. Инженерлік инфрақұ­рылымды жетіл­діру мақсатында 12 шақырымнан астам жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Соны­мен қатар, бұрыннан жа­ңар­ған  455 аула алаңына қоса, тағы 585 аула жөнде­леді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *