ШАҺАР ШЕЖІРЕСІ

 

Сөзімізді әріден бастасақ, 1998 жылы Елбасымыз Нұрсұл­тан Назарбаев былтыр шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» деген еңбегінде «Жас мемлекетке мін­детті түрде жаңа, заманауи аста­на қажет екенін тәуелсіз­діктің бірінші күнінен-ақ ойладым. Осы ойымның дұрыстығына нық сенімді болдым. Бұл ретте 1992 жылы Ақмолаға жұмыс сапары­мен келгенде, астананы осында ауыстыру туралы алғашқы ойға келген едім» деп, жазған еді.

 

1997 жылғы 20 қазан

Мемлекет басшысының «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы»  Жарлығы шықты.

 

7 қараша

Президент Әкімшілігі мен ел Үкіметі Алматыдан Арқа төсін бетке алды. Сосын сол жылы 10 желтоқсанда Елбасы Жарлығымен «Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы» деп жарияланды.

 

10 маусым

Астананың халықаралық тұсауке­сері өтті. Оны іске асыруға 217 отандық және шетелдік компания, барлығы 13,8 мың адам қатысып, қаланың 248 мың шаршы метр аумағы түбегейлі жаңарды.

 

12 маусым

Астанадағы Жоғарғы сот жанында қазақ қоғамындағы билер институ­тының үлгісі ретінде Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге ескерткіш ашылды. Бұл рәсімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

 

15 желтоқсан

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананы елорда етіп қайта салу мен қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

27 қаңтар

Елбасы Н.Назарбаев Астананың бас жоспарымен, ондағы Президент рези­денциясы, «Нұр Астана» мешіті және екі ортада «Трансойл» компаниясы секілді нысандармен танысты. Оған Нұрсұлтан Әбішұлы «Астана қақпасы ашылған сәт» деп баға берді.

 

29 тамыз

Астананың символы «Бәйтерек» монументі Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Оның биіктігі – 97, диаметрі – 27 метр. Басында алтын шар орналасқан. Алтын шар мен ғима­раттың негізгі кіреберісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 тонна металл құралыммен тұтастырылған.

 

17 мамыр

Астанада Елбасының қатысуымен «Думан» ойын-сауық орталығы ашыл­ды. Онда океанариум, «Жунгли» аниматроникс театры, экзотариум-хайуанаттар бағы, 5D кинотеатр болды. Мұхитаралдың су қоры – 3 млн. литр. Оған 120 тонна теңіз тұзы кетті. Онда теңіз жәндіктерінің 100 аса түрі тірші­лік етеді.

 

23 қыркүйек

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші құрылтайы ашылды.

 

21 сәуір

Астанадан «Астана – Алматы» бағы­тындағы «Тұлпар» жолаушылар жүрдек пойызы сапарға шықты. Бұл пойыз қалалар арасын 13 сағатта жүріп өтті.

 

22 наурыз

Есілдің сол жағалауында «Нұр Астана» мешіті пайдалануға берілді. Оның ашылуына Елбасы қатысып, 1994 жылы Саудияға барғанда король Фаһд бин Әбдел Әзиз сыйлаған Қағба жабы­нының бір бөлігін мешітке сыйлады.

 

30 тамыз

Конституция күніне орай елордада алғаш рет әскери шеру өткізілді. Онда Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Назарбаев әскери шеруді қабылдады.

 

1 маусым

Астанада Елбасы бастамасымен Қазақ хандығының негізін салушы Керей және Жәнібек хандардың 12 метр­лік ескерткіші ашылды.

 

19 маусым

Астанадағы Абай көшесі бойына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев­тың ескерткіші орнатылды. Мүсіннің биіктігі – 14,750 метр.

 

28 маусым

Астанада халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны – Назарбаев Универ­ситеті ашылды. Рәсімге Елбасының өзі қатысты.

 

6 шілде

Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуы­мен сәулетші Норман Фостердің жобасы негізінде салынған «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы ашылды.

 

31 желтоқсан

Астана және Алматы қалаларында VІІ Қысқы Азиада ойындары өтті. Оған Азияның 27 елінен 1000-нан астам спорт­шы қатысты. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальға ие болып, жеңімпаз атанды.

 

16 желтоқсан

Астанада Елбасы қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына орай «Мәңгілік Ел» қақпасы, нысанның биіктігі – 20 метр. Қақпаның сол жақ жағында «Ақсақсал» мүсіні орнатылған.

 

30 мамыр

Республика даңғылы мен Абай көшесі қиылысында 1932-1933 жылдар­дағы ашаршылық құрбандарына арнал­ған «Қасірет керегесі» атты жаңа мону­мент тұрғызылды. Оның биіктігі – 4,4 метр.

 

6 шілде

Елбасының тапсырмасымен «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылды. Онда бір мезгілде 5 мың адам намаз оқи алады. Ғимараттың жалпы аумағы – 17 700 шаршы метр, 130 адам сыятын 5 дәріс­ханасы бар.

 

23 қараша

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрме­сін өткізу Парижде Халықаралық көр­ме­лер бюросының 152-ші құрыл­тайында Астана қаласы сынға түсті. Дауысқа қатысқан елдің 103-і қолдап, көрме Астанада өтетін болды.

 

29 тамыз

Астанада Білім күніне орай «Назар­баев зияткерлік мектебі» ашылды.

 

10 маусым

Астанада бұл күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көр­месі өз жұмысын бастады. Әлем көз тіккен көрмеге 115 мемлекет қатысты.

 

1 шілде

Астанада Елбасының қатысуымен ұлттық нақышта безендірілген 240 орындық «Алматы» балабақшасының ашылу салтанаты болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close