Шаһар басшысы медқызметкерлерге алғыс айтты

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев коронавируспен күресте алдыңғы шепте еңбек етіп жүрген медқызметкерлерге алғысын білдірді. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
«Бүгінде Алматыда денсаулық сақтау саласының 3,5 мыңнан астам қызметкері коронавируспен күресте алдыңғы шепте еңбек етіп жүр. Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар мен фельдшерлер өз денсаулығына төнер қауіпке қарамастан, індеттің бүкіл қалаға таралып кетпеуін қадағалауда. Бұл күндері медқызметкерлерді қолдау мақсатында олардың жалақысына үстемақы төлеу басталды. Бұл шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік комиссия қабылдаған еді» деп жазды әкім.
Айтуынша, мұндай көмекті үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері алуға құқылы екен. Атап айтқанда, реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері; провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем; карантиндік стационарлар, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және басқалар. Төлемдер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Ғаламат еңбек пен жанқиярлық ерліктеріңіз үшін ризашылық білдіремін. Жұмыста қалып, Сіздер, яки ақ халаттағы абзал жандар, балаларыңызбен туған-туыстарыңызды көрмейсіздер. Күш-жігер мен шыдамдылық серік болсын. Қала Сіздерді қолдайды! #AlmatyBirgemiz» делінген жазбада.

Дайындаған – М.БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *