Шаһар басшысы қала тұрғындарын санитарлық қауіпсіздікті сақтауға шақырды

Бүгін Жетісу ауданына жасаған жұмыс сапары барысында қала әкімі Б. Сағынтаев тұрғындарға карантин ережелерін сақтауды ұсынды.
Жаяу жүргіншілер аймағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың біріне барған кезінде аудан тұрғындары қала әкіміне инфрақұрылымды жақсарту бойынша өз тілектерін білдірді. Алайда олардың кейбірі медициналық бетпердесіз болды.
Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус бойынша карантин әлі алынбағанын, жұқтыру қауіпі бар екендігін еске салды.
«Медициналық бетперделерді кию керек, сонымен қатар көшеде, дүкенде немесе дәріханада әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сіздің өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығы осыған байланысты. Сондықтан жауапкершілік таныту керек», – деді Б.Сағынтаев қала тұрғындарына.
Жұмыс сапары барысында қала әкімі жөндеу жүргізіліп жатқан балабақшаны да аралап көрді. Ол балабақша әлі ашылмай тұрып балалардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмін дайындауды тапсырды.
«Біз балаларды ауру қаупінен сақтауымыз керек», – деп атап өтті шаһар басшысы.
Қақпадан бастап жатын бөлмелеріне дейін барлығын қарастыру қажет. Ата-аналар мен балалар әлеуметтік қашықтықты, үстелдерді, кереуеттерді де қауіпсіз қашықтықта сақтауы тиіс. Кіреберістер дезинфекцияланып, термометрия қамтамасыз етілуі керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *