Шәууәл айының шарапаты

Бірер уақыт бұрын ораза айын асыға күтіп, сол айға аман-есен жетсем екен деп жүрген едік, енді міне, Рамазанды да тәмам­дап, оның артынша келетін Шәууәл айына да қадам бастық. Иә, Рамазан – бір адамдар үшін жаңа құлшылықтардың бастамасы әрі жалғасын тапқан сансыз сауаптардың бастамасы. Ал біреулер үшін жәй ашығу ғана.

Мейірімі шексіз Алла Тағала оразаның құндылығын кеш түсініп, сауаптан құр қалғаны үшін сан соғып қалған пендесіне Рамазаннан кейін де мүмкіндіктердің есігін ашып қойды. Сондай есіктің алғашқысы – Шәууәл айының оразасы. Үздіксіз оразаның кілті.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Рамазаннан кейін 10-рет көрінетін ай – Шәууәл айы. Шәууал – Рамазанның біткендігін білдіретін, Айт мейрамының келгенін сүйіншілейтін ай!

Бұл ай Рамазанда жіберіп алған кемшіліктеріміздің орнын толтыру үшін таптырмайтын мүмкіндік. Міне, сол мүмкіндік есігімізді қағып тұр. Құлшылықтың біз елей бермейтін қырлары көп. Жаратушымызға тағы да бір табан жақындау мүмкіндігін әр мұсылман жіберіп алмауы тиіс.

Шәууәлдағы алты күн ораза Рамазан айындағы парыз оразаны өтеп болған соң, Шәууәл айынан бастап Алла Тағалаға нәпіл ғибадаттар арқылы жақындай түсу мүмкіндігі туады. Бұл айдағы қосымша құлшылықтардың ең негізгісі – алты күндік ораза. Пайғамбарымыз (с.а.с) «кімде-кім Рамазанда ораза тұтып, сосын оның артынан Шәууәлда алты күн ораза ұстаса, ол жыл бойы ораза тұтқанның сауабын алады, – деген. Фиқһ ғалымдар хадистегі «артынша ұстаса» деген мәтінді айт мейрамынан кейін арасын суытпай жалғастырса деген ұғыммен түсіндіреді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімі бойынша биыл 15, 16 және 17 маусым айт мерекесі. Бірақ шариғатта айт мерекесі бір күн. Сондықтан бүгіннен бастап қаза, шәууәл оразаны өтеуге болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *