Үш тіл білу – заман талабы

Бүгінгі таңда үштілділік заман талабының басты тақырыбына айналып отыр.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үш тұғырлы тіл саясатын басты назарында ұстап, әр жылдағы халыққа арнаған Жолдауында атап өтуде. Сондықтан осы үл­кен шаруаны қолдау мақсатында біздің  №132 гимназия ұжымы да атсалысуда.

Жуырда гимназияда «Үш­тілдік заман талабы және уақыт қажеттілігі» атты аудандық се­минар өтті. Семинарға ауда­ны­мыздың білім бөлімінің басшы­лары, мектеп дирек­торлары мен директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасарлары қатысты.Семинарға келуші қонақ­тарды жақсы көңіл-күймен қарсы алу мақсатында мектебіміздің оқушылары ұлттық өнерімізді дәріптейтін домбырада тамаша күй ойнап және «Zebra danсe» би тобының талшы­бықтай майысқан бишілері өз өнерлерін көрсетті.Семинардың ашылу салта­натының алғашқы сөзін мектеп директоры Т.Зубкова алып, жас жеткіншек тәрбиесі үлкен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ, гимназия­мызда үштілділікке көшу барысы тәрбие жұмыстарының  негізінде  жалғасын  табуда.  Семинар барысында үштіл­ділікке көшу жолында талмай еңбек етіп келе жатқан  дирек­тордың кәсіптік оқыту бойынша орынбасары С.Прота­щикпен қатар, алдыңғы қатарлы ұстаз­дар – ағылшын тілінің мұғалімі Г.Полтушева, физика пәнінің мұғалімі А.Таженова, биология пәнінің мұғалімі М.Жұматов, химия пәнінің мұға­лімі Ф.Жұ­матова өз тәжірибелерін көр­сетіп, ойларымен бөлісті.Жалпы, семинар келген қонақтардың көңілінен шығып, атқарылып жатқан іс-шаралар көпшілік тарапынан қолдау тапты. «Ұстаздық еткен жалық­пас, үйретуден балаға» демекші, еліміздің тұтқасын ұстайтын мықты жеткін­шектер тәр­биелеу –  әр ұстаздың мерейі.

М.РАХАТОВА,

№132 гимназия директорының  тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *