Шәмші туралы романның авторы қайтыс болды

82 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мақтаарал» ауданының Құрметті азаматы Еркінбай Әкімқұлов дүниеден озды.

ҚОШ, ҚАЙРАН ДОС, ЗАМАНДАС

Өткен ғасырдағы 50-жылдардың соңына қарай Қазақ университетінің Журналистика факультетін бітірген түлектердің біразы республикалық «Лениншіл жас» газетіне келіп, қызу еңбек майданына араласты. Қарым-қабілеттерінің мықты, тегеурінді екенін көрсетті. Есімдері елге танылды. Сақа мамандар санатынан орын алды. Солардың бірі – күні кеше бақиға озған қайран дос, замандас, өмірінің соңғы жылдарында ертелеу шалдыққан сырқаттың салдарынан оқшаулау қоңыр тіршілік кешкен белгілі журналист-жазушы Еркінбай Әкімқұлов еді.

Журналистикадан бастаған еңбек жолында талай абыройлы асулардан асты. Білікті, тиянақты маман екенін танытты. Қалалық партия комитеті, Әдебиет және өнер институты, тағы басқа құзырлы орындарда еңбек етті. Өкінішке орай жұмыс істеуге мүмкіндігі шектелген шақтарды бастан өткеріп, біраз уақыт менімен бірге «Мәдениет және тұрмыс» журналында еңбек етті. Артында көптеген кітабы қалды. Шәмші Қалдаяқов туралы эссе-романы жоғары бағаланды. Оны жұрт әлі күнге іздеп жүріп оқиды. Өзге шығармалары да жеткілікті. Солар арқылы жазушының екінші өмірі басталды. Ұрпақтары аман болсын!

Қош, Еркінбай! Жаның жәннатта, рухың шат болсын!

Зәкір АСАБАЕВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *