Шәмші ешқашан сыған қызына ғашық болған емес

Ілия ЖАҚАНОВ,

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, өнер зерттеушісі:

– …Шəмші екеуміз 1957 жылдың аяғынан бастап эфирге бірге шықтық. Содан бері өле-өлгенше жұбымыз жазылған жоқ. Тіпті, бір үйде тұрдық. Апаңмен отбасын құрғанда Шəмші «Сен сұлу» деген əнін үйлену тойымызға шашу ретінде əкеліп, дастарқан үстінде тұсауын кескенбіз. Сондықтан да Шəмші əндерінің көпшілігінің туу тарихы күні кешегідей көз алдымда. Рас, «Сыған серенадасы» əнінің тағдыры шытырманға толы болды. Соңынан түрлі қаңқу сөз де ерді. Бірақ оның барлығы жалған. Жас кезімізде Шəмші, Мыңжасар Маңғытаев бар – барлығымыз жиналып, басымыз қосыла қалса орыстың халық əндерін айтып, сыған романстарын тыңдағанды жақсы көретінбіз. Содан шабыт алатынбыз. Тіпті, сол үшін сыған романстарының жинағын Мəскеуден арнайы алдыртқанымыз да бар. Ел сүйіп тыңдайтын «Сыған серенадасы» да соның əсерінен туды. Кейін сөзін Қадыр Мырза-Əліге телефонмен өтініш айтып, қолқалап жаздырған болатын. Əннің бар тарихы осы. Ел гулеткендей, Шəмші ешқашан сыған қызына ғашық болған емес. Махаббаттан мəжнүн күйге түсіп, табордың соңынан да кеткен жоқ. Бұл оқиғаны ең алғаш жазған Оразбек Бодықов. «Шəмші өмірі қызық болсын деп жазған мен едім, Ілия шырағым» деп кейін өзі де айтты.

 

(«EGEMEN QAZAQSTAN», 6.12.2019.).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *