Шәмша БЕРКІМБАЕВА : Жастардың саяси белсенділігі жоғары

Мемлекет басшысын сайлау — қоғамдағы ерекше оқиға. Сондықтан мемлекет басына кім келеді деп, әрбір азаматтың ойлануы түсінікті жағдай.

Халық бұл сайлауға үлкен үмітпен келіп отыр. Осыған дейінгі жақсы бағдарламаларды дамыта отырып, халықтың экономикалық-әлеуметтік, мәдени әлеуетін көтеруді мақсат еткен, оны іске асыра алатын азамат келсе деп тілейді. Сондықтан Қазақстанның әр азаматы Ата Заңда көрсетілген дауыс беруге берілген құқығын іске асыратын кез келді. Осы арқылы әр азамат елдік мәселеге араласып отыр. Мен бүгін №372 сайлау учаскесіне келіп, өз даусымды бердім. Келіп жатқан халықты көріп, көңілім толды. Дауыс берушілер арасында қариялар да, жастар да бар. Әсіресе сайлау учаскесіне жастардың көптеп келуі олардың саяси мәдениетінің көтерілгенін көрсетіп отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *