Шәкірт жүрегіне жол тапқан

Білім беру саласында тәжірибелі де білімді, кәсіби шебер ұстаздар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі  шәкірттерінің жүрегіне жол тапқан ұстазымыз – Алмалы ауданы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның  бастауыш сынып мұғалімі, 4 «б» сыныбының жетекшісі Молданова Айдана Досжанқызы. Шәкірттерінің жанына нұр құя білген, ұстаздық жолда  аянбай тер төргіп, бала жанын түсіне білген, шәкірттерін шығармашылықпен шыңдаған аяулы ұстазымыз Айдана Досжанқызына  алғысымыз шексіз.

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұлылығы өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай, шәкірттерін білім нәрімен сусындыратын адал жан. Біз үшін ұстаз орны қашан да биік тұрмақ.

Төрт жыл бұрын мектеп табылдырығын аттаған жас балапандарымыз бүгінде оңы мен солын таныған, өз ойларын еркін жеткізетін, шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптасты. Осы уақыт аралығында балаларымыз халықаралық, респуб­ликалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырды.  Балаларымыз  тек білім алып қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабі­леттерін танытып, спорт, ән, би байқауларында биіктерден көрініп келеді. Балаларымыздың шығармашылық жұмыстары, өлеңдері  республикалық «Балабек», «Балдыр­ған», «Мөлдір бұлақ» секілді балалар журналдарында  жарық көрді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», – деген еді. Жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен қаруландыру – кез- келген жанның  қолынан келе бермейді. Сондықтан да «…Ұстаз болу – жүректің батырлығы»  деп бағалауға болады.

Балаларымыздың алғашқы ұстазы Айдана Досжан­қызын оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаздық жолдағы еңбегіңіз бағаланып, биіктерді бағындыра беріңіз деген тілегімізді арнаймыз!

 4 «б» сынып ата-аналары.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *