Әсерлі өткен «Әліппе» кеші

3410Түрксіб ауданындағы №142 жалпы білім беретін мек­тептің табалдырығын биыл ғана аттаған бүлдіршіндер өз­дерінің ең алғашқы мерекесі – Әліппемен қоштасуға ар­нал­ған «Қош бол, құтты Әліппе!» атты мерекелік кеш өткізді.

Рая ЕСКЕНДІР

Осыдан санаулы ай ғана бұрын мектепке келіп, білім айдынына енді ғана батыл қадам басқан бүлдір­шіндердің көңіл­дері шат. Ата-аналары мен ұс­таз­дарына аз ғана уақыт ішін­де оқып-үйренгендерін көрсетуге асық­қан бүл­діршіндердің көңіл­дерінің көте­ріңкілігі айтпаса да түсі­нікті. Баласы атқа мінсе, тақымын қы­сатын ата-ананың да бұл күнгі көңіл-күйлері жүздері­нен көрініп тұр. Ата-ана үшін бала­сының қолына қалам ұстап, қара танығаны зор мақтаныш емес пе? Сондықтан «Әліп­пемен» қоштасу кеші өте әсерлі, көңіл толқытатындай сезімде өтті. Күні кеше тай-құлындай тебіскен ойын балалары бүгін, міне, салмақтанып, ақылы толысып, үлкен адамға айнал­ғандай.

Мектеп директоры Ақылсара Қуа­­това, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Ағы­баева, бастауыш сыныптар бойын­ша оқу ісінің меңгерушісі Жанат Қарым­сақова кішкентай бүлдіршіндерді құттық­тап, бар­лық әріптің анасы, білім мен ғы­лымның бастауы «Әліп­пенің» маңызы­ның зор екендігін айтып, білімді, тәрбиелі, талапты болуға шақырды. Осылайша кеш бойы еркін ойлап, оны еркін қағаз бетіне түсіре білетін барша бүлдір­шіндер мақтаныш сезіммен 42 әріпті танып, жаза білетін­діктерін көрсетті.

«Мектебім, аяулы мектебім!» деп шарықтата ән шыр­қаған бастауыш­тықтар енді бір сәт «Ардақты ұста­зым», «Рахмет саған, Әліппе!» әндерін шыр­қады. Әсіресе, балалардың сах­на­лаған «Әріптер айтысы» мен «Екі жігіт» көріністері кештің көркін кіргізіп, көптің көңілінен шық­ты. Бүлдіршіндер мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылт­паштан да өздерінің құра­лақан емес екен­діктерін білдіріп жатты. «Әліппеден» алған білімдерінің арқасында өзге пәндерді де жетік меңгергендіктерін көрсетті.

Балаларының білім әлемін­дегі аяқ алыстарына риза болған ата-аналар 1 «А» сыныбының жетекшісі Сан­дуғаш Бекжано­ваға шынайы алғыстарын біл­дірді. Білімнің негізі бастауышта қа­ла­натынын ескерсек, бұл ретте бас­тауыш сыныбы мұғалім­дері­нің еңбегі өл­шеусіз. Осылайша сүйікті «Әліп­пемен» қоштасқан оқушылар «Ана тілін» зор қуанышпен қарсы алды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *