СЕРГЕК АЛМАТЫ – БІЛІМДІ АЛМАТЫ

Білім күнін велошерумен атап өтті

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Білім күніне арналған күздің алғашқы велошеруі өтті.  500-ден астам әуесқой «Нұрлы Тау» БО-нан бастап, 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жүріп шықты. Мәреде қатысушылардың арасында сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылды. Соның бірін алматылық Apple team велокомандасының жас спортшысы Ерасыл Әбілда  ұтып алды.  

– Мен велосипед ұтқаныма өте ризамын. Осы сәтті көп күткен едім. Енді тауға жиі шығып, сол жақта тебетін шығармын. Тауға достарыммен жиі барамын. Өзім болашақта Александр Винокуров сияқты кәсіби велошабандоз болғым келеді, – деді ол.

Айта кетер жәйт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он бесіншісі.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *