Сердюковтың «саяжайы» мемлекетке қайтарылды

2438Кезінде Анапа жағалауы туристер үшін құтты қоныс болатын. Сол кездегі Ресей қорғаныс министрі Сердюков 2010 жылы Анапа мэрінен мекеме қажеті үшін жер сұрайды. Аталмыш жер радиолокация стансасын салу үшін таптырмайтын болып шықты. Шенеуніктер оған келісе кетті. Кейініректе бұл жер 110 миллион рубльге сатылды. Сырты қоршалып, күзетшілермен күшейтіліп, қабаған иттер жіберілді. Уақыт өте келе бұл жерге стансаның орнына зәулім үй салына бастағанынан жұрт тез хабардар болды. Жұрт оны бірден «Сердюковтың саяжайы» деп атап кетті. Алайда, құрылыс аяқталмады, министр отставкаға кетті. Енді, міне, төрт жыл өткен соң Краснодар өлкелік арбитраж соты бұл жерді мемлекетке қайтарып берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *