Сенім пункттерінің қызметкерлеріне арналды

Алматы қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталы­ғында зияндылықты бәсеңдету бойынша американдық мамандардың қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.

Сенім пункттерінің медицина қызметкерлеріне арналған бұл іс-шараны қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығы мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ұйымдастырды. «Зияндықты бәсеңдету: АҚШ тәжірибесі» атты бұл іс-шараға Нью-Йорк штатындағы Албани универси­тетінің эпидемиология департаментінің профессоры, қоршаған орта мен денсаулықты қорғау институты директорының орынбасары Луиз-Энн МакНат қатысып, ЖИТС-тің алдын алу мен оған қарсы күрес шарасы төңірегіндегі өзекті мәселелер туралы әңгімелеп, ұсыныстары мен ақыл-кеңестерін ортаға салды. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 18 сенім пункті жұмыс істейді. Олардың барлығы да қажетті құрылғылармен жабдықталған Сенім пункттерінде медицина қызметкерлерімен бірге аутрич-қызметкерлер де жұмыс істейді. Жыл өткен сайын Сенім пункттеріне келушілер саны артып келеді. Бұл Алматы қаласындағы АИТВ эпидемиясының таралуын тұрақтандырып қана қоймай, есірткі қолданушылар арасында осы дерттің таралуының төмендеуіне де мүмкіндік беріп отыр.

– Біз басқа елдердің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін бар пейілімізбен қабылдаймыз. Таңдаулы мамандар өткізген мұндай шеберлік сыныптары біздің медицина қызметкерлеріне АИТВ жұқпасы­ның алдын алудың әлемдік жетістіктерін меңгеруге мүмкіндік береді, – дейді Алматы қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының директоры Талғат Бапиев.

Орталық, сондай-ақ, шетелдік әріптестерінің қатысуымен «ЖИТС-пен ауыратындарға пал­лативтік көмек көрсету», «Денсаулықтың әлеуметтік детерминаттары» атты тақырыптарда шеберлік сыныбын өткізді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *