«Сенің басқа қырың» – салауаттылық  акциясы

«Алматытелеком» ӨТД қызметкерлері республикалық акцияға  қатысты

«Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекция­сының қызметкерлері республикалық «Сенің басқа қырың!» атты акция­сын қолдау ретінде спорттық іс-шара өткізді.

Іс-шараға құрылымдық бө­лім­­шелердің бастық­тары, филиал басшылығы және әр түрлі бағыт­тағы қызметкерлер қатысты. Қызметкерлер жаттығу құрыл­ғыларында ашық жаттығулар жасап, гір тасын көтеру және кеудені жерден көтеру сияқты ауыр спорт түрлерінен сынға түсті. Спорттық іс-шара филиал Бас директоры Шерхан Раздықовтың басқаруымен  барлық қызмет­керлердің денені шынықтыру жаттығуынан басталды. Ол өзін өнегелі қырынан көрсете отырып, қызметкерлерді спортпен шұғыл­дануға шақырды.

– «Сенің басқа қырың!» спорт­тық акциясының басты мақсаты – дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын наси­хаттау болып табылады. Елбасы бұл бастаманы қолдады. Қазақстан бойынша акция аясында атақты спортшы­лар, мәдениет қайраткер­лері ашық жаттығулар өткізуде. Олар өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы барлық қазақстандықтарды спорт­пен шұғылдануға шақырады. Біздің филиал да бұл акцияны қолдайды, – деп атап өтті Шерхан Раздықов. Сондай-ақ, ол барлық қызметкерлерге белсенді атсалыс­қандары үшін рахмет айтып және де барлық бастамаларда сәттілік тіледі.

Филиал қызметкерлері Алма­ты қаласы мен Алматы облысы­ның барлық спорттық шарала­рына белсенді қаты­сатындығын және де барлық спорт түрлерінен филиалда жүйелі түрде көптеген  жарыс­тар өткізілетіндігін, осы­лай­ша мұнда салауатты өмір салты қалыптасқандығын атап өту қажет.

 

Әймерек САЙЛАУ,

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *