Сен де менің баламсың

554Елбасы Жарлығымен 2014 жылы Сочи қаласында өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетіс­тіктері үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Юрьевич Тен «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Қаның кәріс болса да жаның қазақ,

Атаң үшін мақтаныш соның өзі-ақ –

Сочидегі мәнерлеп сырғанауда

Даңқымызды шығарған жалғыз сен-ақ.

 

Құласа да алғандар Күміс, Алтын…

Төрешілер асырып ұпай парқын.

Бас бәйгені соларға бере салды,

Денис жанның кемітіп атақ-даңқын.

 

Шебер жасап айналу жаттығуын,

Жанкүйердің үдеттің дүрмек-дуын.

Біз де үйде отырып тебірендік,

Көтергенде тұғырға елдің туын.

 

Місе тұтпа Қоланы, қара бала!

Арта берсін арындап, даңқың дара!

Сені үлгі тұтады жеткіншектер,

Мен де мақтан тұтамын бөле-жара!

 

Суын ішіп қазақтың жеген нанын,

Сен де менің баламсың, Денис жаным!

Алда талай жарыс бар қатысатын

Шыңдала түс, ойла да жеңіс қамын!

 

Суын ішіп, қазақтың жеген нанын,

Сен де менің баламсың, Денис жаным!

 

Сұлтанғали ҚАРАТАЙҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *