Әсем әлем туралы сыр шертеді

22 сәуірге дейін алматылықтар мен қала қонақтары Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемле­кеттік өнер мұражайында санкт-петер­бургтік суретшілер Екатерина мен Констан­тин Грачевтардың «Көкейкесті реализм» атты көрмесін тамашалап, қылқалам шеберлерінің шығармашылы­ғымен таныса алады. Экспозицияға суретшілердің 60-қа жуық кескіндемелік және графикалық жұмысы қойылған. Константин Грачевтың көрмеге қойылған пейзаждары мен натюрморттарынан ерекше «құпия ойды» тауып алуға болады. Екате­рина Грачеваның жұмыстарында портрет жанры, қала пейзажы мен тұрмыстық картина ерекше орын алады. Көрме көрерменге екі суретшінің кәсіби шеберлі­гін паш етеді.  Көрмеге қойылған туынды­лардың әрқайсысы тынымсыз тіршілік туралы және әлемнің әсемдігі туралы әдемі бір сыр шертеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *