Селден төнер қауіп жоқ

Алматының Наурызбай ауданына қарасты Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланған болатын. Сел жүру қаупінің  себебі Қарғалы өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, бөгетті кез-келген сәтте бұзып кетуі мүмкін деп түсіндірілді.

«Бөгеттің бұзылмауы да мүмкін. Алайда, 2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Жағдай тұрғындарға ескертілді. Бұл ретте энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Мүмкіндік болса, тұрғындарды көшіреміз. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарындағы Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр»,  делінген Алматы ТЖД таратқан хабарда.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та Наурызбай ауданындағы сел орнына дереу жетті.

Жоғары жақтан келе жатырмын. Таң атқалы сол жақта жүрміз. Тиісті шаралар қабылданды. Қорқатын ештеңе жоқ. Жаз бойы тиісті жұмыстар атқарылды. Көлдің басында экскаваторлар жұмыс істеді. 77 мың текше метр суды 26 мың текше метрге дейін түсірді. Соның арқасында қазір судың көлемі аз. Көлден аққан су тоқтады. Өзінің қарқынымен ағып жатыр. Судың көлемі қалыпты жағдайда. Мамандар тікұшақпен бақылау жүргізіп жүр. Тұрғындар үшін ауызсу мәселесі де шешіледі, – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, шаһар басшысы сел қаупіне байланысты үн қосқан халыққа алғысын білдірді.

Алматыдағы Қарғалы өзенінің арнасы экскаваторлармен кеңейтілуде. Өзен Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандары арқылы өтеді. Су басу қаупі бар барлық аудандарға арнайы техника қойылды. Өзен арнасының сыйымдылығын арттыру үшін экскаватор мамандары да жұмысқа кірісті.

Керек дерек:

Алматының Наурызбай ауданында болған селге байланысты қалалық ТЖД қауырт желіні іске қосты. Селден жапа шеккендер немесе қауіп төнген адамдар 278 20 84 нөміріне хабарласа алады. Байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *