Өсекшіге сабақ

Бір кісі Хасан Басриге (р.а.) келіп:

– Пәленше сіз жайында жағымсыз сөздер айтып жатқанын білесіз бе? – дейді.

– Қайдан білесің?

– Өз құлағыммен естідім.

– Қай жерде естідің?

– Үйінде.

– Не үшін барған едің?

– Қонаққа.

– Дастарханда не бар еді?

– Палау, қуырдақ, жеміс-жидек, сусындар. Тағамның барлық түрі!

– Соның бәрін ішіңде сақтап, екі ауыз сөзді сақтай алмадың ба?

 

Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *