Сегіз мың адам дәрігерлік тексеруден өтті

Нұржамал  БАЙСАҚАЛ

Қазан айының соңында басталған  «Денсаулық айлығы» барысында қаламыздың ақ желеңді абзал жандары   шет аудандардағы отызға тарта  елді-мекендерде болып, тұрғындарды дәрігерлік тексеруден өткізді.  Осы тексеру барысында сегіз мыңға жуық алматылықтар өз денсаулықтары туралы толық ақпарат алып, сырқаттарының сырын білді.

Құрамында эндокринолог, кардиолог, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, көз дәрігерлері, гинеколог мамандар бар дәрігерлер тобы қабылдау жүргізіп,  тұрғындарға ақыл-кеңес берді. Тексеру кезінде тұрғындар қан қысымын, қандағы қант  пен холестериннің мөлшерін білу, жүректеріне ЭКГ жасату және қазіргі заманда өршіп тұрған ВИЧ жұқпасы мен  басқа да жұқпалы ауруларға  қарсы тестілеуден  өту мүмкіндіктерін  пайдаланды. Тұрғындарды медициналық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз етуді мақсат  еткен «Денсаулық айлығы» әр тұрғынын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және  түрлі сырқаттарының алдын алуға да мол мүмкіндік берді.  Тексеру кезінде ауруы анықталған тұрғындарға маман дәрігерлерге немесе тиісті диспансерлерге  барып, толық тексеруден өту жөнінде кеңестер берілді.  Жұмысбасты адамдардың емханаға барып дәрігерге қаралуына  уақыты  бола бермейді, ал «Денсаулық айлығы» сол емханаға баруға қолы тимей жүрген адамдарды жұмыс орындарында, үйлерінің жанына келіп тексеруден өткізіп жатқанына тұрғындар ризашылықтарын білдіріп отыр. Дәрігерге баруға қолы тимей жүрген жандардың бірі – ХҚКО қызметкерлері Марат  Ғазизов. Марат осы «Денсаулық айлығының» арқасында өзінің қан қысымын, қанындағы қант мөлшерін тексертіп, нәтижесінде қанындағы қант мөлшерінің жоғары екендігін білді. Енді ол эндокринолог маманның  қадағалауында болып, тиісті ем-шараларын алатын болады.

  • Осы тексеру болмаса, мен қантымның жоғары екенін білмес едім, дәрігерлерге рахмет,  ауруымның алдын алуға  мүмкіндік берді, – дейді Марат.

Дәрігерлер тексеру кезінде тұрғындарға келер жылы енгізілетін   медициналық сақтандыру, скринингтік тексеруден өтудің қажеттіліктері туралы айтып, түсіндіріп, МӘМС туралы ақпарат жазылған  буклеттер мен парақшалар таратты. Денсаулық айлығы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

Дәрігерлердің кеңесін алды

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ 

Қазіргі кезде тұрғындар тарапынан дәрігерлердің алғыс алуы үлкен  жетістіктердің бірі саналатыны   жасырын емес. Десек те, ел іші алтын кеніш. Жақсылық пен қамқорлықтың қадірін білетіндер  жоқ емес.  «Денсаулық айлығы» аясында  «Максима» сауда-ойын сауық орталығына келіп, осы орталық қызметкерлерін дәрігерлік тексеруден өткізген  Фарида Ағыбаева жетекшілік ететін №8  қалалық емхананың дәрігерлеріне сол күні  алғыс жауған күн болды деуге болады. «Максима» орталығана бір қадам ұзап шыға алмайтын  сатушылар мен басқа да қызметкерлер  орталықтың ішінде орналасқан  медицинаның білікті  де білгір  мамандарымен   толыққан  уақытша дәрігерлік пункттерге келіп, өздерінің денсаулықтары туралы білуге асықты.  Тексеруге келген адамдардың арасында, тіпті өздерінің күнделікті қан қысымының мөлшерін білмейтіндер, келер жылдан бастап денсаулық сақтау саласында орын алатын айтулы жаңалықтардың бірі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ендірілетіндігінен, оның  талаптарынан бейхабар  азаматтар да бар    болып шықты. Осы жәйттарды назарға алған №8 емхананың  медицина қызметкерлері алдарына тексерілуге келген әрбір адамға МӘМС-тің мән-жайын түсіндіріп, бағыт-бағдар берді.  «Максима»  сауда-ойын-сауық орталығының  екі жүзге тарта қызметкерлері емханаға бармай-ақ өз денсаулықтары туралы толық ақпарат алып,  тиісті  маман  дәрігерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінді.

«Денсаулық айлығының» бұл екінші кезеңі   Алматы дәрігерлерінің   Тұңғыш  Президент күніне орай  жасап  отырған  денсаулық тартуы дейді,  осы емхананың эксперт дәрігері Гүлдана Дүйсенбаева.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *