САЯБАҚТАР УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

Ресми мәлімдеме

 Коронвирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақтар уақытша жабылады.

Алматылықтардың карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшылар паркіне, Family Parkке, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуларын сұраймыз.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қалалық әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ, Туризм басқармасы коронавирус тіркелген қауіпті категориялы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген болатын. COVID-19 індетінің одан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтар таратылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *