САЯБАҚ, КАФЕ ӘЛДЕ МҰРАЖАЙ

Алматыдағы трамвай депосының тағдыры тұрғындардың қолында

%d1%82%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b2%d0%b0%d0%b9
Алматы қаласындағы бұрынғы трамвай депосына байланысты қоғамдық жобаны таңдау мақсатында онлайн дауыс беру басталды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» сайты арқылы ашық дауыс беру жүріп жатыр. Қалалықтар ескі рельстерді өзгеріссіз қалдырып, саябақ жасауды ұсынуда. Қаланы көркейту орталығының қызметкерлері шаһар тарихы ретінде трамвай депосын қалдыру керек, – деп есептейді. Өз жобаларын қала тұрғындары мен жергілікті сәулетшілермен қатар, Италия, Ресей елдерінің шығармашылық топтары да ұсынуда. Ал, жеңімпаз жоба 17 қазанда белгілі болады.
«Онлайн дауыс берумен қатар білікті мамандардың баға беретінін айта кету керек. Жобаның жан-жақты болуы мен аумаққа тиетін пайдасы және алдағы уақытта дамуға тигізер әсері де зерделенеді. Төрелік жасайтын қазылар құрамына жергілікті мамандармен қатар халықаралық сарапшылар кіреді», – деді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ директоры.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *