САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САБАҒЫ

Еркін елдің ертеңі болар жас ұрпақтың рухы қашан да биік болуы керек. Ол үшін, ең алдымен, жастарымыз жалынды, елі мен жеріне, өз халқына адал қызмет ететін, парасатты болып таза қоғамның ауасымен тыныстауы керек.

Рая ЕСКЕНДІР

Осы бір ойымызды Елбасы­мыз­дың мына бір сөзі толықтырып тұрғандай: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, өз халқына, еліне, жеріне адал қызмет атқаратын, парасатты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намыс­шыл, жас отаншыл, патриот өз еліне адал қызмет етуге ұмтылады» деген сөз­дері жас ұрпақ санасының айна­дай таза болып өсуіне, мол мүмкін­дік­терінің бар екеніне зор сенім артады.

Шындығында, жастарымыздың адал, өз елінің құндылықтарын көзінің қарашығындай сақтап, жан-жақты болып өсуіне олардың өмір сүріп отырған ортасының тигізетін ықпалы өте зор. Сондықтан кез-келген азамат елдің келешегіне көз жұма қарамай, оның болашағының жарқын болуына өз үлесін қосуды парыз санауы керек. Осындай азаматтардың бірі Қазақ­стан Республикасы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі­нің Алматы қаласы бойынша депар­таменті басшысының орынбасары Ернар Мақажанов Кіші Талғар шатқа­лында орналасқан «Спутник» бала­лар сауықтыру орталығында дема­лып жатқан Алматы қаласы мек­тептерінен келген оқушылар арасында парасаттылық сабағын өткізіп, қоғам­дағы індеттің алдын алуға батыл қадам жасады.

– Еліміздің ертеңінің жарқын болуына бәріміз жауаптымыз. Біздің ұрпақтарымыз жақсы өмір сүру үшін олардың уайымсыз, қауіпсіз бола­шағы үшін біздер, еліміздің әрбір азаматы өз үлесімізді қосуымыз керек. Осы ретте баланың отбасынан бастап, өмір сүрер ортасына дейін адалдық жолымен басталса, келешектің кемел болатыны сөзсіз, – деген Ернар Әбусейітұлы балаларды адал болуға шақырды.

Олармен бірге «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп аталатын байқауды тама­шалады. Тәртіп бұзу, заңды бұрмалау, пара ұсыну, мемлекет дүниесін барым­талау сияқты жиі кездесетін жемқорлық түрлерін балалар өз түсі­ніктерімен баяндап, шығармаларына арқау етті. Қабырға газеттері мен макет­тер, асфальтқа сурет салу өткі­зіліп отырған парасаттылық сабағы­ның маңызын ашып, тақырыбын тереңдете түсті. Бұл күні «Біз – жем­қорлыққа қарсымыз!», «Адалдық деге­­німіз не?», «Жемқорларға жол бермейміз!» атты тақырыптардағы эссе, шығарма, сурет байқаулары да өз жеңімпаздарын тапты.

Демалушы балалар арасынан жеңімпаз атанған Айым Құрман­ғалиева (№2 топ), Аяжан Айнабекова, Альфия Нұрсовет, Таңнұр Кәден (№3 топ), Ләйлә Шолпанова, Ольга Ми­щенко (№4 топ), Евдокия Солдат­кина (№11 топ), т.б. балаларға Ернар Мақажанов мақтау қағаздарын табыс етті. «Жемқорлықты тоқтату керек» деп аталатын аталым бойынша №2 «Жастар» тобының демалушылары түрлі-түсті қағаздардан, ермексаздан жемқорлыққа қарсылықтарын бұ­йым­дар арқылы да бейнелеп, жеңім­паз атанды.

Парасаттылық сабағы соңында балалар жаны таза, сергек, ойлы болып өсу үшін ұлттық құндылық­тарды бағалай білу керек деген мақ­сатта Ұлттық ойындар байқауын өткіз­ді. Балалар жаз бойы таза ауа аясында демалып қана қоймай, жан-дүниелері де тазарып қайтатын болады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *