САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ҚҰНЫН ЖАРИЯЛАДЫ

2101Сауд Арабиясы Қажылық министрлігі 2014 жылғы қажылық маусымының бағасын жариялады. Arabіan Busіness басылымының хабарлауынша, осы бағытта жұмыс істеу құқығына ие 62 қажылық компаниясы қажылыққа келушілерге ең төменгі бағада қызмет көрсету жайлы тапсырма алды. 

Құзыретті орынның шешімімен осы жылғы қажылық бағасы қызмет көрсету және өзге де өлшемдерге байланысты 2500-5000 сауд риалымен белгіленді.

Қажылық министрлігінің өкілі үкімет қажылық компанияларына көрсетілген бағаларды көтермеу жайлы әрі қызмет сапасын жоғары орындау туралы тапсырма бергендігін мәлімдеді.

Естеріңізде болса, өткен жылы Сауд билігі қажылық компанияларының қызмет көрсету бағаларының нарықтағы құнының қолжетімді болуы үшін компаниялардың ішкі баға саясатына белсенді түрде араласқан болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *