Сатқындықтан сақтағын!..

Елімізге танымал сатирик жазушы Нұртан ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ жетпістің желкесіне шығып отыр. «Жатыпатар» қаламгердің «Алты әзілкеш» (топтамада), «Қырсыздарға – қырық тоқай», «Қияметтің қыл көпірі», «Мыстан кемпірдің амалы», «Жеті қарақшы», «Жемқордың жеткен жері» атты әзіл-оспақ кітаптары, балаларға арналған бес-алты суретті кітапшалары жарық көрген. Қаламгердің «кітап базарына» қосымша әлі жазары көп…

Бермесін Құдай басқа мұң,

Сатқындықтан сақтағын!

Жеріңді сатқаның –

Ну орман тоғай, көліңді сатқаның.

Халқыңды сатқаның –

Әдет-ғұрып, салтыңды сатқаның.

Жеріңнің кен байлығын сатқаның –

Халқыңды қан қақсатқаның.

Тіліңді сатқаның –

Ділің мен дініңді сатқаның.

Арыңды сатқаның –

Ар-ождан, барыңды сатқаның.

Тәніңді сатқаның –

Қайғы-мұң, қасіретке батқаның.

Бала-шағаны сатқаның –

Өзіңнің болашағыңды сатқаның.

Отаныңды сатқаның –

Опасыздықтың белгісі,

Адаммын деп Жер баспағын!

 

Жылпос

 

Білімі – таяз,

Жегені – қаяз.

Орындығы – кресло,

Ішетіні – сыра-пыра.

Тексеретіні – жұрттың арызы,

Ойлайтыны – қаржы-маржы,

Үйреніп жүр «ағылшынша»,

Орысшасы – онша-мұнша,

Қазақ тілін – шатып-пұтып,

Еуропаны жүр пір тұтып.

Қызметі – жоғары,

Беделі аз – шамалы.

Осындай «жылы орынды»

жылпостар

Қалай іздеп табады!?

 

Жемқордың түсі

 

«Тауықтың түсіне – тары кіреді,

Аурудың түсіне –  дәрі кіреді.

Қойшының түсіне – қой кіреді,

Асабаның түсіне – той кіреді.

Арамтамақтың түсіне –

тамақ кіреді,

Маскүнемнің түсіне – арақ кіреді.

Кассирдің түсіне – касса кіреді,

Жемқордың түсіне – ақша кіреді.

 

Автобустар «жарысы»

Сенесің бе, әлде сенбейсің бе,

Көзіңді бадырайтып қойып,

Өтірік айтатын мен дейсің бе?

Алматының көшесінде,

Таң азанда да, кешкісін де

Автобустар «жарысы» болады.

– Қой, әрі,

– Ондай жарысты

Ұйымдастыратын кімдер екен?

– Кәдігімгі шопырлардың өздері.

– МАИ-ларың сонда не қарайды,

Көрмей жүр ме көздері?

– МАИ-лардың кеңірдегін

Алдын-ала «майлайды» да,

Сонан кейін орталық көшеде

Сексенінші жылдамдықпен

Газды басып айдайды да…

– Сонда автобустар не

үшін жарысады?

– Ақша үшін жарысады да, баяғы.

Ақыры соның аяғы –

Аварияға апарып саяды.

Автобустың тұмсығы жапырылып,

Шофердың беломыртқасы

опырылып,

Жүргізушілік куәліктен

айырылып,

Мүгедек болып, шойырылып,

Жатса да бұл «бәсеке»

аяқталмайды.

«Көлденең табыс» үшін баяғы,

Кейбіреуінің сынса да аяғы,

Жарыстарын жалғастыра береді.

Соның зардабын жолаушылар

көреді.

 

***

Соңғы кездері,

Автобустар жарысы бәсеңсіді

бұрынғы.

«Жол ережесінде» біраз өзгеріс

болып,

Көшеде көліктер көбейіп,

кептеліс болып,

Пайдакүнемдердің мысы құрыды.

 

Алпыстағы

«махаббат»

 

Алпысқа келген кезде Асқар аға,

Үй алып, көшіп кетті Астанаға.

Жаңа үй, жаңа орта, жаңа қала,

Жүрген жері той-думан,

жасқана ма!?

 

Лауазымы – «Құдайға шүкір»

дейді.

Анау-мынау адамға пысқырмайды.

Ақша деген ол үшін – қағаз дерсің,

Сыртынан әлдекімдер күңкілдейді.

 

Ұмыт қалып әйел мен бала-шаға,

Астанада келгендей «тамашаға»,

Қонақүйде «қожайын» бола қалып,

«Ойын-сауық» құрады оңашада.

 

Алпыстағы махаббат ерекше ғой,

Тауып берер арада «жеңеше» ғой.

Қарыны тоқ, қайғы жоқ

болғаннан соң,

Алпыстағы «махаббат» ерекше

ғой!..

 

«Асау жүрек»

 

Мінезі бар бұрқ-сарқ

еткен дауылдай,

Көршілерін көреді ол жауындай.

«Асау жүрек» аласұрып соғады,

Қалайша жүр қабынбай,

не ауырмай?..

 

Ауызынан былапыт сөз жаудырып,

Жүрген жерін айқай-шу ғып,

дау қылып,

Шұбар тілден шұбар ала сөз

шығар,

Өштесіп жүр  өз қазағын жау

қылып.

 

Ауласына жайылған көп «атағы»,

Адамның бар бұзақысы, шатағы.

Таныстары көргенде сырт

айналып,

«Бұл пәледен аулақ» деп, тұра

қашады.

 

Жемқорларға дауа жоқ…

 

Баяғыда жылқылар жем жеуші еді,

Бапкерлері баппенен жемдеуші еді.

Ал енді жемқорларға дауа бар ма?

Оларды қалай осы «емдеуші» еді?

 

Меніңше, жемқорларға дауа жоқ

қой,

Мінетіні жылқы емес, самолет қой.

Қаржы ұрлап шет

елге қашқандардың

Ажалы – түрме менен бір тал

оқ қой…

 

«Нан табуға

жетеді…»

 

«Ала биеден ала да туады,

Құла да туады».

Ал біздің Шалақазақтан

Не ұлттық намысы жоқ,

Шабан аттай шабысы жоқ,

Салт-дәстүрін білмейтін,

Өзінен ассаң күндейтін,

Шала-шарпы бала да туады.

Осы  Балақазақ пақырың

Қазақ тілінен – мақұрым,

Былдыр-былдыр етеді.

Ағылшын мен орыс тілін,

Шарайнадай компьютерін

Әкесі былайша мақтан етеді:

«Оқымай-ақ, тоқымай-ақ,

Нанын тауып жесе жетеді».

 

Бұқа «бұзылды»

(Мысал)

 

Бұқа бұйдасын үзбей жүр,

Құнажын «көзін сүзбей» жүр.

Теке сақалын қырықты,

Ешкі лақтауды ұмытты.

Қошқар шәуетін жойды,

Саулықтар қоздауын қойды.

Айғыр байталға шаппай жүр,

Биелер құлын таппай жүр.

Бура шудасын жайып жүр,

Буыршын мұзға тайып жүр.

 

***

–  Бұл не өзі, заманның кеселі ме?

–  Жоға, экологияның әсері де…

 

Ол  да  оңбас…

 

«Аурудан туған –  сау болмас,

Тентектен туған – мал болмас»,

Нашақорлар мен маскүнем көп,

Олардан туған… ол да оңбас.

 

Алауыз

 

Аспаннан қара бұлтты төндіретін,

Айтқанына аңқауды көндіретін,

Алауыз жүр, байқаңдар, арамызда,

Арам пиғыл, бұрыннан мен

білетін…

 

Түске дейін – адам, түстен кейін…

 

Түске дейін – кәдімгі адам,

Түстен кейін – үйінен қырық

қадам.

Кеш бата сылқа тойып алған,

Көтеріп көр, жетсе егер шамаң…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *