«Сарыарқа» – елуде

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Жексенбінің кеші  Алматы қаласының тұрғындары үшін ұмытылмас  сәттердің бірі болды.  Қаламыздағы байырғы «Сарыарқа» кинотеатрының алдына жиналған жұрт­шылық нағыз той-думанның дүбіріне бөленді. Сол күні  Алматы қаласы әкімді­гінің қолдауымен «Сарыарқа» кинотеат­рының ашы­лып, қала жұртына қызмет көр­сеткеніне 50 жыл толу мерекесі аталып өтсе, попкорн өнімдері мен  Кинопарк және Киноплехт компа­ния­ларының  демеушілігі­мен түсіріл­ген «Той любой ценой» кинокоме­диясының көрсе­тілімі өтіп жатқан кез-келген кинотеатрдың  дәмхана­сынан  «Тойбастар» комбосын сатып алып,  ұтысқа қатысқан тұтыну­шылар арасындағы жеңімпаздар анықталды.   

Бір мезетте Астана, Алматы,  Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды қалала­рындағы   киносүйер қауым  арасында өткен бұл ұтыс ойынында  Алсер электронды тауарлар  дүкендері 100-ден астам тұрмыстық техникалар ұтысқа салып,  ол иелеріне табыс етілді.  Ұтыс ойыны дегенге соншалықты мән бермейтін жұртшылық өз таныстарының теледидар, кір жуатын, ыдыс жуатын, шаңсорғыш, үтік, ет турағыш,  шырын тартқыш сияқты тұрмыстық техникаларды ұтып алып жатқан кезде  келесі жолы ұтысқа міндетті түрде қатысатындықтарын айтып жатты.   Бұл кеш тек ұтыс жеңімпаздарына ғана емес, осы  қуанышты қызықтауға кел­гендердің барлығына жексенбілік көңіл-күй сыйлады.

Осыдан 50 жыл бұрын өз көрер­мендеріне қазақстандық және   шетелдік киношеберлерінің  көркем  туындыла­рымен таныстырып, оларға рухани ләззат сыйлап келген  «Сарыарқа» кинотеатры қазіргі таңда еліміздегі  ең жоғарғы үздік  лазерлік технологиялармен жабдықталған кинотеатрлардың біріне айналған.  Қазір­дің өзінде 5 кинозалдан тұратын «Сары­арқада»  биыл тағы  екі жаңа зал пайда­ланылуға берілмек.  Заманына қарай өзгеріп, қала жұртының рухани ордалары­ның біріне айналған бұл кинотеатр қала әкімдігінің қолдауымен құнды мәдени ескерткіштер тізіміне  алынған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *