«САРЫАРҚА» БАЗАРЫ СҮРIЛIП, ОРНЫНА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ САУДА ОРНЫ САЛЫНАДЫ

88Айнабай МӘДИ

Қаламыздағы «Сарыарқа» базары жаңаша кейiпте, заман талабына сай сауда орнына айналатын болады. Сәулетшiлер жобасынан осыны байқауға болады. Қала басшысының қаулысынан соң мамандар сүру жұмысына кiрiспек. 1 га. аумақты алып жатқан базардың 40 сотығы «қызыл сызықта». Ендi, осы аумақ мемлекет меншiгiне берiлгеннен кейiн оның орнына жүргiншi жолдары салынып, көлiк жүретiн жол кеңейедi.

– Базардың қалған аумағында иелерi  өздерiнiң ғимараттарын жаңғыртуы керек. Не болмаса, оны бұзып, орнына жаңа базар салуы керек. Қазiр аудан әкiмдiгi мен жер комиссиясының тарапынан тиiстi жұмыстар жүрiп жатыр, – дедi Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтiлеу.

Әуезов ауданында мұндай өзгерiстер «Тигрохауд» пен «Арыстан» базарларына енгiзiлетiн болады. Бүгiнде сауда орны басшыларына ескерту жасалып, сәулет құрылысының нобайы қолға алынуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *